Qazaqstan.tv
Открыть в Telegram
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot
Больше51 490
Подписчики
-2724 часа
-4557 дней
-1 80130 день
Архив постов
00:15
Видео недоступноПоказать в Telegram
🇰🇿Тарихи дата қарсаңында мегополис тұрғындары Тәуелсіздік монументіне жиналып, тарихқа тағзым етті
⏰Осы және өзге де жаңалықтар 17:00-де #Ақпаратта
IMG_6516.MOV11.85 MB
👍 8😎 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
❄️Алматы облысында Орталық Азиядағы ең үлкен мұз айдыны ашылады
Алматы облысында қысқы туризм бағытында жаңа нысан іске қосылады. Аумағы 22 100 шаршы метр ашық мұз айдыны Қонаев қаласында орналасқан. Бұл - Орталық Азиядағы ең ірі кешен.
Сондай-ақ таулы аймақта орналасқан Oi-Qaragai курорты да туристерді қабылдауға дайын. Демалыс орны Орталық Азиядағы ең ұзын тау шаңғысы трассасы саналады.
@qazaqstantv
😍 10😎 2❤ 1
01:40
Видео недоступноПоказать в Telegram
🔸«Жазушылар тарихи шығармалары арқылы халыққа күш берді»
«Әр кезеңді түйіндейтін бір шығарма болады. Тарихи шығармаларды жазған жазушылар өз миссиясын орындады. Олар сол уақытта оқырманға күш берді», - дейді режиссер Бекзат Смадияр.
«Еркіндік лебі» арнайы жобасының толық нұсқасын Qazaqstan TV YouTube арнасынан көріңіздер.
ЕЛ 3 .mp4118.53 MB
👍 7❤🔥 2👌 1💯 1😎 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
🏓Елімізде бұқаралық спорттың жай-күйі қандай?
Халықтың 41,4%-ы спортпен шұғылданады. 2025 жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 42%-ға дейін ұлғайтылады.
Ал балалар мен жасөспірімдер үлесі 30,4 %-ға жетті. Бүгінгі таңда 4-17 жас аралығындағы 240 мыңнан астам бала спорт секциясына тегін барады. Бұл мақсатқа 50 млрд теңге бөлінді.
Бұдан бөлек спорт мектептерінде 400 мыңнан астам бала тәрбиеленіп жатыр.
📺@qazaqstantv
❤ 8👍 4❤🔥 1👌 1😎 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
🏫Астанада салынған «Келешек мектептер» саны рекордты көрсеткішке жетті
Астана қаласында 2024-2025 жылдары 23 мектептің құрылысы аяқталды.
«2024 жылы екі ауысымда 56 800 оқушыға арналған 16 заманауи мектептің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл өз кезегінде қаладағы 6 мектепте үш ауысымды оқыту мәселесін толық шешуге, сондай-ақ 9 білім беру ұйымындағы оқушы тығыздығын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді», - делінген елорда әкімдігінің хабарламасында.📌Биыл тағы 7 мектеп пайдалануға берілді. Нәтижесінде 2 мектептегі үш ауысымды оқыту толық жойылған. 📺@qazaqstantv
❤🔥 5👍 3❤ 1👌 1😎 1
✉️Мемлекет басшысына ЮНЕСКО Бас директорынан хат келіп түсті
ЮНЕСКО Бас директоры Халед әл-Анани хатында осы жоғары лауазымға тағайындалуымен арнайы құттықтағаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірген.
Халед әл-Анани Ұйымның білім, ғылым, мәдениет, коммуникация және ақпарат салаларындағы негізгі басымдықтарын жүзеге асыруға бейілдігін атап өтті.
Сонымен қатар ЮНЕСКО Бас директоры ортақ құндылықтарды ілгерілету жолында Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екенін растады.
📺@qazaqstantv
❤ 6😎 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
⛰️Алматыда шетелдік туристер ең көп баратын орындар белгілі болды
Алматы әкімдігі шетелдік туристер қаңтар-қараша аралығында ең көп барған орындардың тізімін жариялады. Ең танымал бағыт ретінде «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты анықталды.
Сондай-ақ туристер арасында Үлкен Алматы көлі, Медеу, MEGA сауда-ойын-сауық орталығы, Арбат, Шарын шатқалы және Көлсай көлі жоғары сұранысқа ие. Мәдени-тарихи және рухани нысандар ішінде Көктөбе мен Вознесенский шіркеуі ең танымал.
Айта кетейік, жыл басынан бері Алматыға 563 мың шетелдік турист келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға жоғары.
❤ 6
01:08
Видео недоступноПоказать в Telegram
🇰🇿16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
1991 жылы дәл осы күні Қазақстан өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялап, дербес даму жолына түсті. Ел экономикасы нығайып, ұлттық мәдениет пен тіл жаңғырып, әлемдік аренада беделіміз артты.
Бүгінгі жетістіктер - бірлік пен тынымсыз еңбектің нәтижесі.
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
IMG_5324.MOV102.67 MB
❤ 12❤🔥 2⚡ 1👍 1😎 1
00:35
Видео недоступноПоказать в Telegram
🇰🇿Алматыда «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтары қойылды
Бүгін алматылықтар Республика алаңына жиналып, тарихқа тағзым етті. «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қойып, егемендік жолында құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Толығырақ 17:00-де «Ақпаратта».
1206-копия (1)-копия (1)(2).mp441.46 MB
❤ 8👏 6🕊 2🙏 1😎 1
00:44
Видео недоступноПоказать в Telegram
🌟«Qazaqstan» телеарнасы Димаш Құдайбергеннің «Stranger» концертін көрсетеді
Тәуелсіздік күніне орай «Qazaqstan» телеарнасының көрерменге ұсынар тартуы көп. Ал күннің басты көрсетілімі - Димаш Құдайбергеннің «Stranger» концерті.
«Stranger» - жай ғана музыкалық кеш емес, ұлттық әуез бен заманауи музыкалық техниканы бір арнаға тоғыстырған әлемдік деңгейдегі шоу. Концерттің телевизиялық нұсқасын бүгін сағат 22:20-да «Qazaqstan» телеарнасынан тамашалай аласыздар.
@qazaqstantv
1216 (2).mp451.79 MB
🔥 12👍 5😎 3
01:03
Видео недоступноПоказать в Telegram
🎉Мексикада Димаш жанкүйерлері Қазақстанның Тәуелсіздік күнін атап өтті
Мексикада Dears-тар қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Мемлекеттік Әнұранды орындады.
Олар бұл жыл ерекше есте қалғанын айтады. Себебі Димаш Құдайберген Мексикада көптен күткен концертін берді.
Айта кетейік, әншінің Астанада өткен «Stranger» концертін «Qazaqstan» телеарнасы бүгін 22:20-да көрсетеді.
@qazaqstantv
1206-копия (1)-копия (1).mp472.32 MB
👍 20🤝 6⚡ 3❤🔥 2😍 1💘 1😎 1
01:14
Видео недоступноПоказать в Telegram
🔸Астанада Тәуелсіздік күні 18 сәби дүниеге келді
Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада жаңа туған сәбилер саны артты. Бүгін сағат 00:00-ден таңғы 07:00-ге дейін Астанада 18 бала дүниеге келді.
Бұл көрсеткіш еліміздегі демографиялық өсімнің оң динамикасын көрсетеді.
Ал Тәуелсіздік күні туған сәбилерге қойылған ерекше есімдер туралы бейнематериалдан көріңіздер.
@qazaqstantv
1215-копия-копия-копия-копия.mp480.21 MB
👏 18👍 5❤ 1😍 1😎 1
✉️Мемлекет басшысы Чили Республикасының жаңадан сайланған президентін құттықтады
🇰🇿🇨🇱Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Кастты Чили Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.
Қазақстан Президенті жеделхатта Чили елінің алдағы уақытта қарқынды дамуын жалғастырып, халықаралық аренадағы беделі арта түсетініне сенім білдірген.
Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Касттың жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Чили халқына құт-береке тіледі.
❤ 8😎 2👌 1
01:11
Видео недоступноПоказать в Telegram
🌟Өскеменде 91 оқушы бір мезетте күй шертті
Өскемен қаласындағы мектептердің бірінде Тәуелсіздік күніне орай 2-7-сынып оқушыларынан құралған 91 өнерпаз бір мезетте күй шертті. Бұл - ұлттық мерекеге орай жасалған арнайы тарту.
Сондай-ақ оқушыларға Тәуелсіздік жолындағы тарихи кезеңдерді түсіндіру мақсатында бірқатар тәрбиелік іс-шара өткен. Атап айтқанда, тәрбие сағаттары, ұлттық ойындар бойынша жарыстар ұйымдастырылды.
@qazaqstantv
1215-копия-копия(1).mp481.43 MB
❤ 10😍 7❤🔥 1🆒 1💘 1😎 1
✉️ Мемлекет басшысы Аустралия Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
🇰🇿🇦🇺Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сиднейдегі Ханука мейрамы кезінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты Аустралия Премьер-министрі Энтони Албанизге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы қаза тапқан жандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев жантүршігерлік қылмысты қатаң айыптап, еліміздің атынан осы қиын сәтте Аустралия халқына сабыр тілейтінін жеткізді.
❤ 7😎 2👌 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
💐Бибігүл Төлегенова 96 жаста
Бүгін - қазақтың бұлбұлы атанған Бибігүл Төлегенованың туған күні. Ол Семей қаласында дүниеге келген.
Бибігүл Ахметқызы - КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері. Ұлттық өнерге қосқан ерекше үлесі үшін «Отан» орденімен және «Тарлан» тәуелсіз сыйлығымен марапатталған.
📺Бүгін «Abai TV» телеарнасы біртуар әншінің шығармашылық мұрасын арқау еткен «Бірегей» деректі фильмін сағат 19:10-да көрсетеді.
📺@qazaqstantv
👏 16❤ 5⚡ 3❤🔥 1💘 1😎 1
02:28
Видео недоступноПоказать в Telegram
Показать все...
16.12.2025 KLIP Tauelsizdik kuni.mp4143.03 MB
❤🔥 9❤ 3😍 1😎 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
📌Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
«Құрметті отандастар! Тәуелсіздік күні құтты болсын! Бұл мерекенің еліміз үшін мән-маңызы айрықша. Осы күні халқымыз Қазақстанды егемен ел ретінде дамыту жолында ерікті әрі түпкілікті таңдау жасады. Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Біз бабалар рухына тағзым етіп, өскелең ұрпақ алдындағы тарихи жауапкершілікті сезіне отырып, осы ұстанымға адал боламыз. Азаматтарымыздың ырысты ынтымағының, өзара қолдауының және жасампаз еңбегінің, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің арқасында Қазақстан Тәуелсіздікті нығайту ісінде елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Қазір бүкіл әлем жылдам өзгеріп жатыр. Түрлі сынақтармен қатар, тың мүмкіндіктерге толы жаңа тарихи дәуір басталды. Мұндай жағдайда біз жас және озық ойлы ұлт ретінде болашаққа зор үмітпен және нық сеніммен қарап, берекелі бірлігімізді сақтауымыз керек. Еліміздің жаһандық деңгейдегі беделі мен бәсекеге қабілетін арттырып, Қазақстанды көркейген мемлекет ретінде дамыту үшін аянбай еңбек етуіміз қажет. Қазір жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың нәтижесінде зор табысқа жетеміз деп сенемін. Жан-жақты жаңғыруға бағытталған стратегиялық бағдарымыздан ауытқымай, Әділетті, Күшті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құрамыз. Баршаңызға мол бақыт, бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Қастерлі Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! », - делінген құттықтауда.📺@qazaqstantv
❤ 12🙏 5🤩 2👌 2❤🔥 1⚡ 1🤝 1😎 1
00:16
Видео недоступноПоказать в Telegram
🪙Ұлттық банк «Qazaq kúresi» монеталарын айналымға шығарды
Ұлттық банк «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясы аясында «Qazaq kúresi» монеталарын айналымға шығарды. Жаңа тиындар қазақ халқының дәстүрлі спортына арналған.
⚡️Коллекцияға үш түрлі монета кіреді. 1000 теңгелік күміс монета, сондай-ақ 200 теңгелік мельхиор және нейзильбер монеталар. Жалпы таралымы - 57 мың дана.
📌Металл ақша еліміздің барлық аумағында заңды төлем құралы ретінде қабылданады. Сатылым 17 желтоқсаннан бастап Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы жүзеге асады.
📺@qazaqstantv
монета сары видео.mp417.56 MB
❤ 12😎 1
