Qazaqstan.tv
الذهاب إلى القناة على Telegram
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot
إظهار المزيد51 490
المشتركون
-2724 ساعات
-4557 أيام
-1 80130 أيام
أرشيف المشاركات
00:31
Video unavailableShow in Telegram
👩🏻⚕️Дәрігерлер тапшылығы 20 пайызға азайды
Биыл 10 мыңнан аса маман медициналық жоғары оқу орындарын бітірді. Оның мың жарымға жуығы ауылға барып, жұмыс істеп жатыр.
🖇Былтыр қазан айынан бері 254 дәрігерге 8,5 миллион теңге біржолғы ақшалай жәрдемақы төленді. Төлем ауылдық Денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін 16 өткір тапшылық мамандықтарына берілді.
✅Осы шаралардың нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда дәрігерлер тапшылығы 20 пайызға, орта буын медицина қызметкерлерінің тапшылығы 7 пайызға азайған.
Самал дәрігер .mp415.44 MB
😎 3❤ 1
01:36
Video unavailableShow in Telegram
🇰🇿Тәуелсіздікке тағзым
Осыдан 34 жыл бұрын Қазақстан егемен ел атанып, шекарасын бекемдеді. Төрткүл дүниеге тәуелсіз мемлекет ретінде танылды. Әлем елдерімен терезесі теңесті.
💐1986 жылы Алматы алаңында өткен азаттық үшін арпалыс халқымызды бостандыққа жетеледі. Тарихи дата қарсаңында мегаполис тұрғындары Тәуелсіздік монументіне жиналып, тарихқа тағзым етті.
🎬Толығырақ бейнематериалда.
тәуелсіздікке тағзым .mp479.45 MB
❤ 6😎 2
00:45
Video unavailableShow in Telegram
💻Елімізде 30 университет ЖИ бойынша студенттерді оқытып жатыр
Қазақстанда 30 университет жасанды интеллект бойынша студенттерді оқытуда. Жастар 38 білім беру бағдарламасы бойынша ақылды техника меңгеруде. Қазірдің өзінде 570 мыңға жуық студент AI бағдарламасы бойынша оқып, білімдерін жетілдірді.
✅Жалпы биылғы оқу жылында 93 мыңнан аса білім гранты бөлінді. Оның 77 мыңы бакалавриатқа, 13 мыңнан астамы магистратураға, ал докторантураға 3 мыңға жуық грант үлестірілді.
самал .mp425.05 MB
❤ 5😎 1
00:15
Video unavailableShow in Telegram
🇰🇿Тарихи дата қарсаңында мегополис тұрғындары Тәуелсіздік монументіне жиналып, тарихқа тағзым етті
⏰Осы және өзге де жаңалықтар 17:00-де #Ақпаратта
IMG_6516.MOV11.85 MB
👍 8😎 1
Photo unavailableShow in Telegram
❄️Алматы облысында Орталық Азиядағы ең үлкен мұз айдыны ашылады
Алматы облысында қысқы туризм бағытында жаңа нысан іске қосылады. Аумағы 22 100 шаршы метр ашық мұз айдыны Қонаев қаласында орналасқан. Бұл - Орталық Азиядағы ең ірі кешен.
Сондай-ақ таулы аймақта орналасқан Oi-Qaragai курорты да туристерді қабылдауға дайын. Демалыс орны Орталық Азиядағы ең ұзын тау шаңғысы трассасы саналады.
@qazaqstantv
😍 10😎 2❤ 1
01:40
Video unavailableShow in Telegram
🔸«Жазушылар тарихи шығармалары арқылы халыққа күш берді»
«Әр кезеңді түйіндейтін бір шығарма болады. Тарихи шығармаларды жазған жазушылар өз миссиясын орындады. Олар сол уақытта оқырманға күш берді», - дейді режиссер Бекзат Смадияр.
«Еркіндік лебі» арнайы жобасының толық нұсқасын Qazaqstan TV YouTube арнасынан көріңіздер.
ЕЛ 3 .mp4118.53 MB
👍 7❤🔥 2👌 1💯 1😎 1
Photo unavailableShow in Telegram
🏓Елімізде бұқаралық спорттың жай-күйі қандай?
Халықтың 41,4%-ы спортпен шұғылданады. 2025 жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 42%-ға дейін ұлғайтылады.
Ал балалар мен жасөспірімдер үлесі 30,4 %-ға жетті. Бүгінгі таңда 4-17 жас аралығындағы 240 мыңнан астам бала спорт секциясына тегін барады. Бұл мақсатқа 50 млрд теңге бөлінді.
Бұдан бөлек спорт мектептерінде 400 мыңнан астам бала тәрбиеленіп жатыр.
📺@qazaqstantv
❤ 8👍 4❤🔥 1👌 1😎 1
Photo unavailableShow in Telegram
🏫Астанада салынған «Келешек мектептер» саны рекордты көрсеткішке жетті
Астана қаласында 2024-2025 жылдары 23 мектептің құрылысы аяқталды.
«2024 жылы екі ауысымда 56 800 оқушыға арналған 16 заманауи мектептің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл өз кезегінде қаладағы 6 мектепте үш ауысымды оқыту мәселесін толық шешуге, сондай-ақ 9 білім беру ұйымындағы оқушы тығыздығын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді», - делінген елорда әкімдігінің хабарламасында.📌Биыл тағы 7 мектеп пайдалануға берілді. Нәтижесінде 2 мектептегі үш ауысымды оқыту толық жойылған. 📺@qazaqstantv
❤🔥 5👍 3❤ 1👌 1😎 1
✉️Мемлекет басшысына ЮНЕСКО Бас директорынан хат келіп түсті
ЮНЕСКО Бас директоры Халед әл-Анани хатында осы жоғары лауазымға тағайындалуымен арнайы құттықтағаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірген.
Халед әл-Анани Ұйымның білім, ғылым, мәдениет, коммуникация және ақпарат салаларындағы негізгі басымдықтарын жүзеге асыруға бейілдігін атап өтті.
Сонымен қатар ЮНЕСКО Бас директоры ортақ құндылықтарды ілгерілету жолында Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екенін растады.
📺@qazaqstantv
❤ 6😎 1
Photo unavailableShow in Telegram
⛰️Алматыда шетелдік туристер ең көп баратын орындар белгілі болды
Алматы әкімдігі шетелдік туристер қаңтар-қараша аралығында ең көп барған орындардың тізімін жариялады. Ең танымал бағыт ретінде «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты анықталды.
Сондай-ақ туристер арасында Үлкен Алматы көлі, Медеу, MEGA сауда-ойын-сауық орталығы, Арбат, Шарын шатқалы және Көлсай көлі жоғары сұранысқа ие. Мәдени-тарихи және рухани нысандар ішінде Көктөбе мен Вознесенский шіркеуі ең танымал.
Айта кетейік, жыл басынан бері Алматыға 563 мың шетелдік турист келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға жоғары.
❤ 6
01:08
Video unavailableShow in Telegram
🇰🇿16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
1991 жылы дәл осы күні Қазақстан өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялап, дербес даму жолына түсті. Ел экономикасы нығайып, ұлттық мәдениет пен тіл жаңғырып, әлемдік аренада беделіміз артты.
Бүгінгі жетістіктер - бірлік пен тынымсыз еңбектің нәтижесі.
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
IMG_5324.MOV102.67 MB
❤ 12❤🔥 2⚡ 1👍 1😎 1
00:35
Video unavailableShow in Telegram
🇰🇿Алматыда «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтары қойылды
Бүгін алматылықтар Республика алаңына жиналып, тарихқа тағзым етті. «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қойып, егемендік жолында құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Толығырақ 17:00-де «Ақпаратта».
1206-копия (1)-копия (1)(2).mp441.46 MB
❤ 8👏 6🕊 2🙏 1😎 1
00:44
Video unavailableShow in Telegram
🌟«Qazaqstan» телеарнасы Димаш Құдайбергеннің «Stranger» концертін көрсетеді
Тәуелсіздік күніне орай «Qazaqstan» телеарнасының көрерменге ұсынар тартуы көп. Ал күннің басты көрсетілімі - Димаш Құдайбергеннің «Stranger» концерті.
«Stranger» - жай ғана музыкалық кеш емес, ұлттық әуез бен заманауи музыкалық техниканы бір арнаға тоғыстырған әлемдік деңгейдегі шоу. Концерттің телевизиялық нұсқасын бүгін сағат 22:20-да «Qazaqstan» телеарнасынан тамашалай аласыздар.
@qazaqstantv
1216 (2).mp451.79 MB
🔥 12👍 5😎 3
01:03
Video unavailableShow in Telegram
🎉Мексикада Димаш жанкүйерлері Қазақстанның Тәуелсіздік күнін атап өтті
Мексикада Dears-тар қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Мемлекеттік Әнұранды орындады.
Олар бұл жыл ерекше есте қалғанын айтады. Себебі Димаш Құдайберген Мексикада көптен күткен концертін берді.
Айта кетейік, әншінің Астанада өткен «Stranger» концертін «Qazaqstan» телеарнасы бүгін 22:20-да көрсетеді.
@qazaqstantv
1206-копия (1)-копия (1).mp472.32 MB
👍 20🤝 6⚡ 3❤🔥 2😍 1💘 1😎 1
01:14
Video unavailableShow in Telegram
🔸Астанада Тәуелсіздік күні 18 сәби дүниеге келді
Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада жаңа туған сәбилер саны артты. Бүгін сағат 00:00-ден таңғы 07:00-ге дейін Астанада 18 бала дүниеге келді.
Бұл көрсеткіш еліміздегі демографиялық өсімнің оң динамикасын көрсетеді.
Ал Тәуелсіздік күні туған сәбилерге қойылған ерекше есімдер туралы бейнематериалдан көріңіздер.
@qazaqstantv
1215-копия-копия-копия-копия.mp480.21 MB
👏 18👍 5❤ 1😍 1😎 1
✉️Мемлекет басшысы Чили Республикасының жаңадан сайланған президентін құттықтады
🇰🇿🇨🇱Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Кастты Чили Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.
Қазақстан Президенті жеделхатта Чили елінің алдағы уақытта қарқынды дамуын жалғастырып, халықаралық аренадағы беделі арта түсетініне сенім білдірген.
Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Касттың жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Чили халқына құт-береке тіледі.
❤ 8😎 2👌 1
01:11
Video unavailableShow in Telegram
🌟Өскеменде 91 оқушы бір мезетте күй шертті
Өскемен қаласындағы мектептердің бірінде Тәуелсіздік күніне орай 2-7-сынып оқушыларынан құралған 91 өнерпаз бір мезетте күй шертті. Бұл - ұлттық мерекеге орай жасалған арнайы тарту.
Сондай-ақ оқушыларға Тәуелсіздік жолындағы тарихи кезеңдерді түсіндіру мақсатында бірқатар тәрбиелік іс-шара өткен. Атап айтқанда, тәрбие сағаттары, ұлттық ойындар бойынша жарыстар ұйымдастырылды.
@qazaqstantv
1215-копия-копия(1).mp481.43 MB
❤ 10😍 7❤🔥 1🆒 1💘 1😎 1
✉️ Мемлекет басшысы Аустралия Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
🇰🇿🇦🇺Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сиднейдегі Ханука мейрамы кезінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты Аустралия Премьер-министрі Энтони Албанизге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы қаза тапқан жандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев жантүршігерлік қылмысты қатаң айыптап, еліміздің атынан осы қиын сәтте Аустралия халқына сабыр тілейтінін жеткізді.
❤ 7😎 2👌 1
Photo unavailableShow in Telegram
💐Бибігүл Төлегенова 96 жаста
Бүгін - қазақтың бұлбұлы атанған Бибігүл Төлегенованың туған күні. Ол Семей қаласында дүниеге келген.
Бибігүл Ахметқызы - КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері. Ұлттық өнерге қосқан ерекше үлесі үшін «Отан» орденімен және «Тарлан» тәуелсіз сыйлығымен марапатталған.
📺Бүгін «Abai TV» телеарнасы біртуар әншінің шығармашылық мұрасын арқау еткен «Бірегей» деректі фильмін сағат 19:10-да көрсетеді.
📺@qazaqstantv
👏 16❤ 5⚡ 3❤🔥 1💘 1😎 1
