ru
Feedback
Qazaqstan.tv

Qazaqstan.tv

Открыть в Telegram

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot

Больше
51 490
Подписчики
-2724 часа
-4557 дней
-1 80130 день
Архив постов
Фото недоступноПоказать в Telegram
✈️Air Astana дабыл сигналына қатысты түсініктеме берді Air Astana әуе компаниясы ұшақтың дабыл сигналына байланысты жағдайды түсіндірді. Компанияның мәліметінше, бортта кондиционер жүйесінен әдеттен тыс иіс шығуына байланысты экипаж ұшақты кері қайтару туралы шешім қабылдаған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әуе кемесі Алматы әуежайына оралып, жерге сағат 07:40-та штаттық режимде қонған. Жолаушыларға сусындар мен жеңіл тағамдар ұсынылған. Астанаға ұшу басқа әуе кемесімен сағат 10:15-те жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты техникалық тексеріс жүргізіліп жатыр.
Показать все...
1
01:23
Видео недоступноПоказать в Telegram
Республикалық бюджет қайда және қалай жұмсалып жатыр? Бүгін Үкімет отырысында республикалық бюджеттің орындалуы және ел экономикасындағы көрсеткіштер қаралуда. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, соңғы 11 айда Қазақстанның ЖІӨ-сі 6,4%-ға өсті. Тауар өндірісі 8,3%-ға, қызмет көрсету саласы 5,3%-ға артқан. Экономикаға тартылған инвестиция көлемі 18 трлн теңгеден асты. Өсімге өнеркәсіп, сауда және көлік салалары негізгі серпін берген. Отырыста бюджет қаражатының қалай және қайда жұмсалып жатқаны жөнінде есеп беріледі. Сондай-ақ оңтүстік өңірлерді сумен қамтамасыз ету мәселесі де талқылануда.
Показать все...
новости-копия-копия.mp493.60 MB
1👍 1😢 1
Air Astana ұшағы Алматыға шұғыл түрде қонды Бүгін таңғы сағат 07:38-де Алматы-Астана бағытындағы Air Astana ұшағының салонында түтін шығып, экипаж апаттық сигнал жариялады. Ұшақ сағат 07:40-та Алматы әуежайына сәтті қонды. Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Показать все...
😱 6
Фото недоступноПоказать в Telegram
⚜️Қазақ ұлттық хореография академиясы TÜRKÜNİB құрамына енді Қазақ ұлттық хореография академиясы Түркі мемлекеттері ұйымының қолдауымен жұмыс істейтін Түркі мемлекеттері университеттері одағына (TÜRKÜNİB) мүше болды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Академияның халықаралық бірлестікке қосылуы академиялық ұтқырлықты дамытуға, білім беру және ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ түркі әлемі жоғары оқу орындары арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған», - делінген ақпаратта.
TÜRKÜNİB құрамына Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Венгрияның 170-тен астам жоғары оқу орны кіреді. Одаққа Қазақстан тарапынан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті және басқа да жоғары оқу орындары мүше. 📺@qazaqstantv
Показать все...
👍 2😎 2
Фото недоступноПоказать в Telegram
🏟Спорт инфрақұрылымын дамыту: 2025 жылдың негізгі жобалары Биыл елде 79 спорт нысаны пайдалануға берілді. Оның 57-сі ауылдық жерлерде, 22-і қалаларда. Тағы 50-ден астам нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Толығырақ↗️ 📺@qazaqstantv
Показать все...
3😎 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
Мереке күндері қосымша 100 әуе рейсі іске қосылады Бұл туралы Көлік министрлігі ақпарат таратты. «Мерекелік кезеңде жолаушылар сұранысын толықтай қамтамасыз ету мақсатында Астана – Алматы, Алматы – Орал, Алматы – Семей, Астана – Түркістан, Астана – Ақтөбе, Алматы – Ақтау, Алматы – Ақтөбе және Астана – Шымкент бағыттары бойынша 100 қосымша рейс ұйымдастыру жоспарлануда», - делінген хабарламада. ✅Сондай-ақ жауапты орган жолаушыларға алдын ала рейстердің мәртебесі мен ұшу уақытын әуе компаниялар мен әуежайлардың анықтама қызметтерінен, ресми сайттар мен мобильді қосымшалардан алдын ала нақтылауды ұсынды.
Показать все...
😎 2
00:13
Видео недоступноПоказать в Telegram
⭕️Бразилияда Бостандық мүсінінің көшірмесі құлады Оқиға 15 желтоқсан күні күшті дауыл кезінде Бразилияның Риу-Гранди-ду-Сул штаты Гуаиба қаласында болған. Жел жылдамдығы сағатына 90 шақырымнан асқан. Салдарынан Бостандық мүсінінің көшірмесі құлаған. Қала әкімдігінің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ.
Показать все...
бразилия сары видео.mp413.19 MB
01:11
Видео недоступноПоказать в Telegram
🚘Жүргізушісіз басқарылатын электромобиль қысқы жолда сынақтан өткізілді Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун парақшасында видео жариялады. Демонстрация барысында автономды басқару жүйесінің, навигациялық шешімдердің және жол инфрақұрылымы элементтерін тану технологияларының жұмыс істеуі көрсетілген.
«Жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылатын төтенше тежеу жүйесіне ерекше назар аударылды: автомобиль кедергілерді, соның ішінде адамдарды тануға және оларға қауіпсіз жауап беруге қабілетті. Жоба автономды көлік технологияларын еліміздің көлік жүйесіне кезең-кезеңімен енгізуге бағытталған», - делінген жазбада.
Показать все...
Элктромобиль .mp459.77 MB
4😱 3👏 2
Фото недоступноПоказать в Telegram
🏫Ертең астаналық оқушылар қашықтан оқиды 📌Елордада қолайсыз ауа райына байланысты бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары сабақты онлайн форматта оқитын болды.
Показать все...
👍 4😎 4
Фото недоступноПоказать в Telegram
📖Алматыда Тәуелсіздік мерекесі күні заманауи кітапхана ашылды Кітапхана дәстүрлі кітап мәдениеті мен заманауи цифрлық технологияларды ұштастыра отырып, көпфункционалды мәдени және білім беру алаңы ретінде жобаланған. 🔹Мұнда оқырман үшін жайлы әрі тиімді уақыт өткізуі үшін барлық жағдай жасалған. Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған бейімделген жұмыс орындары қарастырылып, көру қабілеті төмен оқырмандарға арналған ірі қаріптегі және арнайы форматтағы әдебиеттер қоры жинақталған. Жаңа қалалық кітапхана күн сайын сағат 08:30-дан 20:00-ге дейін демалыссыз жұмыс істейді.
Показать все...
👍 6 2😎 1
00:31
Видео недоступноПоказать в Telegram
👩🏻‍⚕️Дәрігерлер тапшылығы 20 пайызға азайды Биыл 10 мыңнан аса маман медициналық жоғары оқу орындарын бітірді. Оның мың жарымға жуығы ауылға барып, жұмыс істеп жатыр. 🖇Былтыр қазан айынан бері 254 дәрігерге 8,5 миллион теңге біржолғы ақшалай жәрдемақы төленді. Төлем ауылдық Денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін 16 өткір тапшылық мамандықтарына берілді. ✅Осы шаралардың нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда дәрігерлер тапшылығы 20 пайызға, орта буын медицина қызметкерлерінің тапшылығы 7 пайызға азайған.
Показать все...
Самал дәрігер .mp415.44 MB
😎 3 1
01:36
Видео недоступноПоказать в Telegram
🇰🇿Тәуелсіздікке тағзым Осыдан 34 жыл бұрын Қазақстан егемен ел атанып, шекарасын бекемдеді. Төрткүл дүниеге тәуелсіз мемлекет ретінде танылды. Әлем елдерімен терезесі теңесті. 💐1986 жылы Алматы алаңында өткен азаттық үшін арпалыс халқымызды бостандыққа жетеледі. Тарихи дата қарсаңында мегаполис тұрғындары Тәуелсіздік монументіне жиналып, тарихқа тағзым етті. 🎬Толығырақ бейнематериалда.
Показать все...
тәуелсіздікке тағзым .mp479.45 MB
6😎 2
00:45
Видео недоступноПоказать в Telegram
💻Елімізде 30 университет ЖИ бойынша студенттерді оқытып жатыр Қазақстанда 30 университет жасанды интеллект бойынша студенттерді оқытуда. Жастар 38 білім беру бағдарламасы бойынша ақылды техника меңгеруде. Қазірдің өзінде 570 мыңға жуық студент AI бағдарламасы бойынша оқып, білімдерін жетілдірді. ✅Жалпы биылғы оқу жылында 93 мыңнан аса білім гранты бөлінді. Оның 77 мыңы бакалавриатқа, 13 мыңнан астамы магистратураға, ал докторантураға 3 мыңға жуық грант үлестірілді.
Показать все...
самал .mp425.05 MB
5😎 1
00:24
Видео недоступноПоказать в Telegram
1.59 MB
👍 7😎 1
00:15
Видео недоступноПоказать в Telegram
🇰🇿Тарихи дата қарсаңында мегополис тұрғындары Тәуелсіздік монументіне жиналып, тарихқа тағзым етті ⏰Осы және өзге де жаңалықтар 17:00-де #Ақпаратта
Показать все...
IMG_6516.MOV11.85 MB
👍 8😎 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
❄️Алматы облысында Орталық Азиядағы ең үлкен мұз айдыны ашылады Алматы облысында қысқы туризм бағытында жаңа нысан іске қосылады. Аумағы 22 100 шаршы метр ашық мұз айдыны Қонаев қаласында орналасқан. Бұл - Орталық Азиядағы ең ірі кешен. Сондай-ақ таулы аймақта орналасқан Oi-Qaragai курорты да туристерді қабылдауға дайын. Демалыс орны Орталық Азиядағы ең ұзын тау шаңғысы трассасы саналады. @qazaqstantv
Показать все...
😍 10😎 2 1
01:40
Видео недоступноПоказать в Telegram
🔸«Жазушылар тарихи шығармалары арқылы халыққа күш берді» «Әр кезеңді түйіндейтін бір шығарма болады. Тарихи шығармаларды жазған жазушылар өз миссиясын орындады. Олар сол уақытта оқырманға күш берді», - дейді режиссер Бекзат Смадияр. «Еркіндік лебі» арнайы жобасының толық нұсқасын Qazaqstan TV YouTube арнасынан көріңіздер.
Показать все...
ЕЛ 3 .mp4118.53 MB
👍 7❤‍🔥 2👌 1💯 1😎 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
🏓Елімізде бұқаралық спорттың жай-күйі қандай? Халықтың 41,4%-ы спортпен шұғылданады. 2025 жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 42%-ға дейін ұлғайтылады. Ал балалар мен жасөспірімдер үлесі 30,4 %-ға жетті. Бүгінгі таңда 4-17 жас аралығындағы 240 мыңнан астам бала спорт секциясына тегін барады. Бұл мақсатқа 50 млрд теңге бөлінді. Бұдан бөлек спорт мектептерінде 400 мыңнан астам бала тәрбиеленіп жатыр. 📺@qazaqstantv
Показать все...
8👍 4❤‍🔥 1👌 1😎 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
🏫Астанада салынған «Келешек мектептер» саны рекордты көрсеткішке жетті Астана қаласында 2024-2025 жылдары 23 мектептің құрылысы аяқталды.
«2024 жылы екі ауысымда 56 800 оқушыға арналған 16 заманауи мектептің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл өз кезегінде қаладағы 6 мектепте үш ауысымды оқыту мәселесін толық шешуге, сондай-ақ 9 білім беру ұйымындағы оқушы тығыздығын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді», - делінген елорда әкімдігінің хабарламасында.
📌Биыл тағы 7 мектеп пайдалануға берілді. Нәтижесінде 2 мектептегі үш ауысымды оқыту толық жойылған. 📺@qazaqstantv
Показать все...
❤‍🔥 5👍 3 1👌 1😎 1
✉️Мемлекет басшысына ЮНЕСКО Бас директорынан хат келіп түсті   ЮНЕСКО Бас директоры Халед әл-Анани хатында осы жоғары лауазымға тағайындалуымен арнайы құттықтағаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірген. Халед әл-Анани Ұйымның білім, ғылым, мәдениет, коммуникация және ақпарат салаларындағы негізгі басымдықтарын жүзеге асыруға бейілдігін атап өтті. Сонымен қатар ЮНЕСКО Бас директоры ортақ құндылықтарды ілгерілету жолында Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екенін растады. 📺@qazaqstantv
Показать все...
6😎 1