Qazaqstan.tv
Open in Telegram
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot
Show more51 490
Subscribers
-2724 hours
-4557 days
-1 80130 days
Posts Archive
🔹Мемлекет басшысы: Cоңғы алты жылда электр энергиясын өндіру 16 миллиард киловатт-сағатқа артты
Қазіргі кезде Қазақстанның электр энергетикасы жүйесіне жалпы қуаты 25 гигаваттан асатын 237 электр станциясы кіреді. Өткен жылғы жылыту маусымында технологиялық ақаулар 27 пайызға қысқарды. Тоғыз жылу электр орталығы тәуекелдің «қызыл» аймағынан шықты, ал үш станция «жасыл» аймаққа өтті.ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың энергетиктерді марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінен
👍 1
🔹Биыл батыс аймақтардың электр желісін күшейтетін бірегей жоба аяқталады
Бұл жоба Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының энергетикалық тораптарын біріктіреді.
«Екібастұздағы екінші ГРЭС-те жаңа энергоблоктар салынады. Сондай-ақ үшінші ГРЭС-тің құрылысы басталмақ. 2026 жылы Алматыдағы электр станцияларын жаңғырту – Үкімет пен әкімдік алдында тұрған маңызды мақсат. Келесі жылы Қызылорда және Түркістан облыстарында бу-газ қондырғысы бар электр станцияларын толық іске қосу керек. Біз 2035 жылға дейін 26 гигаваттан астам қуат көзін өндіретін нысандарды іске қосуды жоспарлап отырмыз»,– деді Мемлекет басшысы.
@qazaqstantv
Photo unavailableShow in Telegram
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің энергетика саласын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін бір топ азаматтымемлекеттік наградамен марапаттады
Президент: Энергетика секторындағы жаңартылатын қуат көздерінің үлесі 7 пайыздан асты
🟦Мемлекет жаңартылатын энергия көздерін дамытуға да тиісті көңіл бөлініп жатқанын жеткізді.
– Еліміздегі көмір қоры – шамамен 33 миллиард тонна. Соған қарамастан, біз жаңартылатын қуат көздерін дамытуға баса назар аударып отырмыз. Соңғы 5 жылда осы салаға 2,5 миллиард долларға жуық инвестиция салынды. Соның нәтижесінде энергетика секторындағы жаңартылатын қуат көздерінің үлесі 7 пайыздан асты. Экологиялық тұрғыдан таза энергия өндірісін одан әрі дамыту үшін әлемдік ең үздік компаниялармен әріптестік орнаттық, – деді Президент.
👍 1
Photo unavailableShow in Telegram
🔹Жыл басынан бері Бірыңғай зейнетақы қорының табысы 1,65 трлн теңгені құрады
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында 11 айдың қорытындысы бойынша зейнетақы және Ұлттық қор активтерінің негізгі көрсеткіштерін мәлімдеді.
11 айда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) инвестициялық табысы 1,65 трлн теңгені құрады. Ал жыл басынан бері БЖЗҚ активтері 11,7%-ға өсіп, 25 трлн теңгеге жетті. Зейнетақы жарналарының көлемі 2,5 трлн теңге болса, мерзімінен бұрын алынған қаражат 1 трлн теңгені құрады.
Сондай-ақ жыл басынан бері Ұлттық қорға 3,6 трлн теңге түсті. Республикалық бюджетке бөлінген трансферттер көлемі 4,9 трлн теңге болып, 11 айдағы инвестициялық кірісі 8,2 млрд АҚШ долларын құрады.
@qazaqstantv
❤ 2
Photo unavailableShow in Telegram
Мемлекет басшысы энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
🟦Ақордада өткен салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетіліп жатқанын атап өтіп, энергетика саласы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады.
– Энергетика саласы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар сала. Тұрақты қуат көзі болмаса, қуатты мемлекет құру мүмкін емес. Энергетика саласында қызмет ету – еліміздің дамуына үлес қосу деген сөз. Себебі сіздер атқарып жатқан жұмыстың игілігін еліміздегі әр отбасы, әр адам көреді. Әрбір үйге жарық пен жылу беру – жауапкершілігі зор жұмыс. Қажырлы еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Президент.
❤ 1
00:49
Video unavailableShow in Telegram
⚡️БҚО-да адасып кеткен малшы бір күннен кейін табылды
Батыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен 54 жастағы малшы бір күннен кейін аман-есен табылды. Оқиға Жаңақала ауданына қарасты «Өтепқали» шаруа қожалығында болған.
Ер адам бес шақырым жердегі құдыққа мал суаруға шығып, қайта оралмаған. Ұялы телефоны болмаған. Іздеу жұмыстарына ТЖД, полиция, әскери бөлім, жергілікті билік пен тұрғындар жұмылдырылды. «Қазавиақұтқарудың» Ми-8 тікұшағы да тартылған.
Малшы 30 шақырым қашықтағы Ақжайық ауданының Бахас қыстауынан табылды.
новости-копия-копия(1).mp455.13 MB
❤ 3
Photo unavailableShow in Telegram
✈️Air Astana дабыл сигналына қатысты түсініктеме берді
Air Astana әуе компаниясы ұшақтың дабыл сигналына байланысты жағдайды түсіндірді. Компанияның мәліметінше, бортта кондиционер жүйесінен әдеттен тыс иіс шығуына байланысты экипаж ұшақты кері қайтару туралы шешім қабылдаған.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әуе кемесі Алматы әуежайына оралып, жерге сағат 07:40-та штаттық режимде қонған.
Жолаушыларға сусындар мен жеңіл тағамдар ұсынылған. Астанаға ұшу басқа әуе кемесімен сағат 10:15-те жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты техникалық тексеріс жүргізіліп жатыр.
❤ 2
01:23
Video unavailableShow in Telegram
Республикалық бюджет қайда және қалай жұмсалып жатыр?
Бүгін Үкімет отырысында республикалық бюджеттің орындалуы және ел экономикасындағы көрсеткіштер қаралуда. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, соңғы 11 айда Қазақстанның ЖІӨ-сі 6,4%-ға өсті.
Тауар өндірісі 8,3%-ға, қызмет көрсету саласы 5,3%-ға артқан. Экономикаға тартылған инвестиция көлемі 18 трлн теңгеден асты. Өсімге өнеркәсіп, сауда және көлік салалары негізгі серпін берген.
Отырыста бюджет қаражатының қалай және қайда жұмсалып жатқаны жөнінде есеп беріледі. Сондай-ақ оңтүстік өңірлерді сумен қамтамасыз ету мәселесі де талқылануда.
новости-копия-копия.mp493.60 MB
❤ 2👍 1😢 1
Air Astana ұшағы Алматыға шұғыл түрде қонды
Бүгін таңғы сағат 07:38-де Алматы-Астана бағытындағы Air Astana ұшағының салонында түтін шығып, экипаж апаттық сигнал жариялады.
Ұшақ сағат 07:40-та Алматы әуежайына сәтті қонды. Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ.
Оқиғаның себептері анықталып жатыр.
😱 8
Photo unavailableShow in Telegram
⚜️Қазақ ұлттық хореография академиясы TÜRKÜNİB құрамына енді
Қазақ ұлттық хореография академиясы Түркі мемлекеттері ұйымының қолдауымен жұмыс істейтін Түркі мемлекеттері университеттері одағына (TÜRKÜNİB) мүше болды.
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Академияның халықаралық бірлестікке қосылуы академиялық ұтқырлықты дамытуға, білім беру және ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ түркі әлемі жоғары оқу орындары арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған», - делінген ақпаратта.TÜRKÜNİB құрамына Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Венгрияның 170-тен астам жоғары оқу орны кіреді. Одаққа Қазақстан тарапынан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті және басқа да жоғары оқу орындары мүше. 📺@qazaqstantv
👍 5😎 2
Photo unavailableShow in Telegram
🏟Спорт инфрақұрылымын дамыту: 2025 жылдың негізгі жобалары
Биыл елде 79 спорт нысаны пайдалануға берілді. Оның 57-сі ауылдық жерлерде, 22-і қалаларда. Тағы 50-ден астам нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Толығырақ↗️
📺@qazaqstantv
❤ 5😎 1
Photo unavailableShow in Telegram
Мереке күндері қосымша 100 әуе рейсі іске қосылады
Бұл туралы Көлік министрлігі ақпарат таратты.
«Мерекелік кезеңде жолаушылар сұранысын толықтай қамтамасыз ету мақсатында Астана – Алматы, Алматы – Орал, Алматы – Семей, Астана – Түркістан, Астана – Ақтөбе, Алматы – Ақтау, Алматы – Ақтөбе және Астана – Шымкент бағыттары бойынша 100 қосымша рейс ұйымдастыру жоспарлануда», - делінген хабарламада.
✅Сондай-ақ жауапты орган жолаушыларға алдын ала рейстердің мәртебесі мен ұшу уақытын әуе компаниялар мен әуежайлардың анықтама қызметтерінен, ресми сайттар мен мобильді қосымшалардан алдын ала нақтылауды ұсынды.
😎 2
00:13
Video unavailableShow in Telegram
⭕️Бразилияда Бостандық мүсінінің көшірмесі құлады
Оқиға 15 желтоқсан күні күшті дауыл кезінде Бразилияның Риу-Гранди-ду-Сул штаты Гуаиба қаласында болған. Жел жылдамдығы сағатына 90 шақырымнан асқан. Салдарынан Бостандық мүсінінің көшірмесі құлаған.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ.
бразилия сары видео.mp413.19 MB
01:11
Video unavailableShow in Telegram
🚘Жүргізушісіз басқарылатын электромобиль қысқы жолда сынақтан өткізілді
Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун парақшасында видео жариялады. Демонстрация барысында автономды басқару жүйесінің, навигациялық шешімдердің және жол инфрақұрылымы элементтерін тану технологияларының жұмыс істеуі көрсетілген.
«Жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылатын төтенше тежеу жүйесіне ерекше назар аударылды: автомобиль кедергілерді, соның ішінде адамдарды тануға және оларға қауіпсіз жауап беруге қабілетті. Жоба автономды көлік технологияларын еліміздің көлік жүйесіне кезең-кезеңімен енгізуге бағытталған», - делінген жазбада.
Элктромобиль .mp459.77 MB
❤ 4😱 3👏 2
Photo unavailableShow in Telegram
🏫Ертең астаналық оқушылар қашықтан оқиды
📌Елордада қолайсыз ауа райына байланысты бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары сабақты онлайн форматта оқитын болды.
👍 4😎 4
Photo unavailableShow in Telegram
📖Алматыда Тәуелсіздік мерекесі күні заманауи кітапхана ашылды
Кітапхана дәстүрлі кітап мәдениеті мен заманауи цифрлық технологияларды ұштастыра отырып, көпфункционалды мәдени және білім беру алаңы ретінде жобаланған.
🔹Мұнда оқырман үшін жайлы әрі тиімді уақыт өткізуі үшін барлық жағдай жасалған. Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған бейімделген жұмыс орындары қарастырылып, көру қабілеті төмен оқырмандарға арналған ірі қаріптегі және арнайы форматтағы әдебиеттер қоры жинақталған.
Жаңа қалалық кітапхана күн сайын сағат 08:30-дан 20:00-ге дейін демалыссыз жұмыс істейді.
👍 6❤ 2😎 1
00:31
Video unavailableShow in Telegram
👩🏻⚕️Дәрігерлер тапшылығы 20 пайызға азайды
Биыл 10 мыңнан аса маман медициналық жоғары оқу орындарын бітірді. Оның мың жарымға жуығы ауылға барып, жұмыс істеп жатыр.
🖇Былтыр қазан айынан бері 254 дәрігерге 8,5 миллион теңге біржолғы ақшалай жәрдемақы төленді. Төлем ауылдық Денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін 16 өткір тапшылық мамандықтарына берілді.
✅Осы шаралардың нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда дәрігерлер тапшылығы 20 пайызға, орта буын медицина қызметкерлерінің тапшылығы 7 пайызға азайған.
Самал дәрігер .mp415.44 MB
😎 3❤ 1
01:36
Video unavailableShow in Telegram
🇰🇿Тәуелсіздікке тағзым
Осыдан 34 жыл бұрын Қазақстан егемен ел атанып, шекарасын бекемдеді. Төрткүл дүниеге тәуелсіз мемлекет ретінде танылды. Әлем елдерімен терезесі теңесті.
💐1986 жылы Алматы алаңында өткен азаттық үшін арпалыс халқымызды бостандыққа жетеледі. Тарихи дата қарсаңында мегаполис тұрғындары Тәуелсіздік монументіне жиналып, тарихқа тағзым етті.
🎬Толығырақ бейнематериалда.
тәуелсіздікке тағзым .mp479.45 MB
❤ 6😎 2
00:45
Video unavailableShow in Telegram
💻Елімізде 30 университет ЖИ бойынша студенттерді оқытып жатыр
Қазақстанда 30 университет жасанды интеллект бойынша студенттерді оқытуда. Жастар 38 білім беру бағдарламасы бойынша ақылды техника меңгеруде. Қазірдің өзінде 570 мыңға жуық студент AI бағдарламасы бойынша оқып, білімдерін жетілдірді.
✅Жалпы биылғы оқу жылында 93 мыңнан аса білім гранты бөлінді. Оның 77 мыңы бакалавриатқа, 13 мыңнан астамы магистратураға, ал докторантураға 3 мыңға жуық грант үлестірілді.
самал .mp425.05 MB
❤ 5😎 1
