uz
Feedback
Данияр Жігітбек

Данияр Жігітбек

Kanalga Telegram’da o‘tish

Бұл – менің онлайн күнделігім. Мұнда ой-толғамдарым, арман-мақсаттарым, ізденістерім мен жалпы өмірімде болып жатқан өзгерістер жайлы жазып отырамын. Кері байланыс: @zhigitbek Каналдың талқылау чаты: @dzhigscussion

Ko'proq ko'rsatish
16 631
Obunachilar
-1524 soatlar
-807 kunlar
-33930 kunlar
Postlar arxiv
01.11.2025 Сенбі Сағат 09:00-10:30 арасы "Бекет ата" кітапханасында кезекті #37-оқырман кездесуі өтеді. Талқылайтын тақырып: "Жасырын жүріп немесе көрсетіп іс тындыру. Қай жол дұрысырақ?" Қатысу тегін. Кім келуге ниетті 👍 қойсын. Адрес: https://2gis.kz/almaty/geo/9429940000793547/76.860750,43.298287
Hammasini ko'rsatish...
👍 78🔥 28
Біраз адам келді кездесуге. Бәрекелді. Қалай болды әсеріңіз?
Hammasini ko'rsatish...
🔥 58👍 14
01.11.2025 Сенбі Сағат 09:00-10:30 арасы "Бекет ата" кітапханасында кезекті #37-оқырман кездесуі өтеді. Талқылайтын тақырып: "Жасырын жүріп немесе көрсетіп іс тындыру. Қай жол дұрысырақ?" Қатысу тегін. Кім келуге ниетті 👍 қойсын. Адрес: https://2gis.kz/almaty/geo/9429940000793547/76.860750,43.298287
Hammasini ko'rsatish...
👍 78🔥 16
Есептеп, өлшей алмайтын нәрсеңді басқара алмайсың. Басқара алмайтын нәрсеңді өзгерте алмайсың. ©️Данияр Жігітбек
Hammasini ko'rsatish...
👍 189🔥 69
Жігітті тартымды ететін – әрекеті!
Hammasini ko'rsatish...
👍 241🔥 117
Балам ауырып, жұқпалы аурулар ауруханасына әкелдім. 24/7 жұмыс істейді. Тегін. Баламды мейірімді дәрігер қарап, ем-домын жазып берді. Қаупімізді сейілтті. Сапалы қызмет алғаныма қуандым. Баламды көтеріп келе жатып айттым "балам, біздің еліміз көрдің бе қандай дамыған. Түн ортасы болғанына қарамастан, ауырсаң, саған көмектесетін аурухана, дәрігерлер бар. Әне, қарашы, сен сияқты ауырып жатқан балаларды жедел жәрдем әкеп жатыр" деп. Іштей еліміз дамуы үшін, бұл елде барлық балаға, адамға өмір сүру комфорт болуы үшін мен де үлес қоса берем деп бекіндім.
Hammasini ko'rsatish...
👍 404🔥 154
11.10.2025 Сенбі Алматы қаласы Сағат 09:00-11:00 арасы "Бекет ата" кітапханасында кезекті #34-оқырман кездесуі өтеді. Талқылайтын тақырып: "Отбасым – байлығым" Қатысу тегін. Осы жолы өзім жүргіземін. Кім келуге ниетті 👍 қойсын. Адрес: https://2gis.kz/almaty/geo/9429940000793547/76.860750,43.298287
Hammasini ko'rsatish...
👍 64
Қайырлы кеш! Auylga kitapal жобамыздың видеосы ютуб каналымызға шықты. Бізді қолдап, ауыл жастарына кітап жетуіне себепкер болыңыздар☺️✊🏻 https://youtu.be/QuzYttcXsbs
Hammasini ko'rsatish...
🔥 49
Джошуа Беккердің "Меньше, значит больше" кітабын оқып отырып, минимализм ұғымын жаңа қырынан тани бастадым. Минимализм – сенің еркіндігіңді шектейтін нәрселерден арылу. Еркіндігіңді шектемесе, ол заттан арылудың қажеті жоқ. Кілт сөз: еркіндік. Қанша затқа иелік етсең, сонша зат саған иелік етеді. Ауыр, ә? Кейде "мына затымды тастайын ба, тұра берсе, қайтеді?" деп қиналуың мүмкін. Бұл – қалыпты нәрсе. Кітаптан тапқан жауабым: кішкентай, анық керек емес деген заттардан арыла бастау керек. Сосын үлкен заттарға жеткенде өзің-ақ не істеу керектігін түсінесің. Арылғанда да инвестор сияқты арылу дұрыс деп ойлаймын. Яғни, сол заттан арылу арқылы не ақша (сатып), не сауап (сыйлап) алуың керек. Мәшінемде тәспі жатқан. Сапалы. Бірақ мен үшін ол артық көрінді. Себебі оны қолданбаймын. Тастары ерекше еді: саусақтарың демалып қалады. Содан "бұны кімге сыйласам болады?" деп ойлана бастадым. Әрине, кез келген адамға сыйлай салу оңай. Бұған аса ақыл мен ізденудің қажеті жоқ. Бірақ мен инвестормын ғой. Сөйтіп балама массаж жасап жүрген жігіт есіме түсті. Сөздерінен намазхан екенін байқап қалғам. Яғни, оған тәспі беруім орынды болмақ. Массажды да жақсы жасайды. Оған сыйлық жасау арқылы еңбегіне алғыс айтқым келді. Әрі сапалы маманмен қарым-қатынасты жақсартсам, керемет емес пе? Содан "жұмыс арасында саусақтарыңыз бен жүрегіңіз демалып тұрсын" деп тәспімді сыйладым. Қуанып кетті. Не сыйлағаның емес, қалай сыйлағаның маңызды деген осы. Минимализм – күш!
Hammasini ko'rsatish...
🔥 351👍 11
Адамның шынайы немесе шынайы емес екенін қалай білеміз? Ол неғұрлым әлсіздіктерін жасырса, соғұрлым шынайы емес. Және керісінше ол неғұрлым әлсіздіктерін жасырмаса, соғұрлым шынайы.
Hammasini ko'rsatish...
🔥 246👍 3
Көп адам "қалай істеймін?" деген сұраққа бас қатырып жүр. Содан мәселесі көбеймесе, азаймай тұр. Мен "не үшін істеймін?" деген сұраққа жауап іздеуге шақырамын. Сол кезде біраз мәселең өзінен-өзі-ақ шешілер еді. "Не үшін?"-ге жауап таппай, "қалай?"-ға жауап іздеу – бос әурешілік, күшіңді бекер сарқу, далбақтау. Қазір трендте жүрген AI (жасанды интеллект) – "қалай?" деген сұрақтың жауабы ғана. "Не үшін?"-ге жауап таппаған адам, компания, мемлекет, адамзат оның пайдасын көру тұрмақ, зиянын шегуі мүмкін. Трендтен қалмауды емес, "не үшін?"-ге жауап табуды көбірек ойла. Сол маңызды.
Hammasini ko'rsatish...
🔥 180
Repost from Narikbi LIVE
Photo unavailableShow in Telegram
Қайрат Құрманбаев: Палестина кімдікі? / Narikbi LIVE #129 Бүгінгі қонағымыз – белгілі исламтанушы, PhD докторы, доцент, дінтанушы Қайрат Құрманбаев. Бұл шығарылымда біз бүкіл әлемді алаңдатқан Палестина мәселесінің тарихи тереңіне үңілдік: • Құддыс жерінің қасиеті неде? • Неге ғасырлар бойы бұл мекен үшін соғыстар тоқтамады? • Палестина біз үшін неге маңызды? https://youtu.be/d0FgnJyL054?si=DCAPpisfVJstXFb1
Hammasini ko'rsatish...
🔥 30
Photo unavailableShow in Telegram
Yandex книги (бұрынғы Bookmate) ұнап жатыр. Чеховтің Kitapal Club аясында тобыммен талдайтын әңгімелерін жүктеп алдым. "Палата №6" әңгімесін талдадық✅ (125 бет) Келесі талдайтын шығармамыз: "Человек в футляре" (27-ақ бет Yandex книги-де)
Hammasini ko'rsatish...
🔥 39
Махаббат азайғанда есептесу көбейеді. ©️Данияр Жігітбек
Hammasini ko'rsatish...
🔥 274
Бүгін жеңілдіктің соңғы күні екен ғой👆🏽🙃
Hammasini ko'rsatish...
🔥 33
Сізді алаңдатқан сұрақтарға жауап беріп, өміріңізді жеңілдететін 41 аудио подкастыма мәңгі доступ алыңыз. 01.10.2025 дейін жеңілдікпен 4900 тг-ге алып үлгеріңіз. Бұл — 2024 ж. жазған аудио сабақтарым. "Өзіміз отырып шәй ішейік" жобасының архиві. Файлды ашып, тақырыптар тізімімен таныса аласыз. Мәңгі доступ: бір төлейсіз, болды, 41 аудио подкасттың мәңгі иесі боласыз. Кез келген уақытта сұрақ туса, сәйкес тақырыптағы аудионы тыңдап, жауап таба қоясыз. Өміріңіз жеңілдей түседі. 41 аудионың бәрін тыңдап шыққан адамның ойы сөзсіз өзгереді. Менің ойлау стилімді "жұқтырасыз". Ой өзгерсе, болды, қарым-қатынас, мінез, әдет, қаржы жағдайы — бәрі өзгереді. Өзгерем, өмір сүру өнерін меңгерем деген ниетіңіз болса, подкастарыма мәңгі доступ алыңыз. Реквизиттер: +7 777 583 98 00 Руслан Ж. 4,900 тг жіберіңіз. Чек: @bmq01
Hammasini ko'rsatish...
Данияр_Жігітбек_2024_ж_аудио_дәрістері.pdf2.08 KB
🔥 40
Антон Чеховтің "Палата №6" әңгімесін оқу үстіндемін. Ертең Kitapal Club аясында өз тобыммен бірге талдаймыз. Қазір біз "Орыс әдебиеті" маусымын өткізіп жатырмыз. Бір авторды таңдап, 3 айда соның шығармаларын оқып, талқы жасаймыз. Кітап оқу – бір деңгей. Соны талдау, талқылау – келесі деңгей. Бүгін мынадай үзінді оқып қалдым.
На этом свете все незначительно и неинтересно, кроме высших духовных проявлений человеческого ума. Ум проводит резкую грань между животными и человеком, намекает на божественность последнего и в некоторой степени даже заменяет ему бессмертие, которого нет. Исходя из этого, ум служит единственно возможным источником наслаждения. Мы же не видим и не слышим около себя ума, — значит, мы лишены наслаждения. Правда, у нас есть книги, но это совсем не то, что живая беседа и общение. Если позволите сделать не совсем удачное сравнение, то книги — это ноты, а беседа — пение.
Hammasini ko'rsatish...
🔥 72
Photo unavailableShow in Telegram
🔥 26