Данияр Жігітбек
Відкрити в Telegram
Бұл – менің онлайн күнделігім. Мұнда ой-толғамдарым, арман-мақсаттарым, ізденістерім мен жалпы өмірімде болып жатқан өзгерістер жайлы жазып отырамын. Кері байланыс: @zhigitbek Каналдың талқылау чаты: @dzhigscussion
Показати більше16 631
Підписники
-1524 години
-807 днів
-33930 день
Архів дописів
Youtube: Jetil Podcast Данияр Жігітбек
Тіл үйрену жайлы әңгіме өрбіттік.
🔥 35
Қайырлы күн, құрметті телеграм каналымның оқырманы!
Осы каналдың талқылау чаты бар екенін білетін бе едіңіз?
“Д. Жігітбек хаха чаты” деп аталады.
“хаха” аталуының себебі бұл жерде негатив жазылмайды, тек позитив жазылады. Ешкімнің көңіліне тимейтін әзілдер құпталады.
Бұл чатта Данияр Жігітбектің өзі де отырады. Сұрақ қою мүмкіндігі бар.
Бұл — өзара сыйластық, мейірім, саналылық, ойлылық мекені.
Бұл чаттан рухтас достар, дамушы орта табатыныңызға сенеміз.
Данияр Жігітбектің “Kitapalclub”, “Ауылға кітап ал” сияқты жобалары осы чаттың қатысушылары арқылы талқыланып, дамып, кең етек жайған.
Бұл — елге қызмет еткісі келетін жандар жиналған чат.
Чат қатысушылары ақылдасып, бұл чатқа кіру ақылы болсын деп шешті.
Әйтпесе, “проходной двор”, қадірсіз жер боп кетеді дейді.
Символикалық бағасы 990 тг болсын деп көпшілік дауыс берді.
Егер сіз әлі де “Д. Жігітбек хаха чаты”-на қосылғыңыз келсе,
Данияр Жігітбектің каспиіне 990 тг аударып, комментіне “кофе” деп жазып жіберіңіз:
87053111136
Данияр Ж
Чекті көмекшім Маралға @bmq01 жіберіңіз.
Топқа қосады.
🔥 33
Repost from Narikbi LIVE
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Арын Құнанбайұлы: сөз мәдениеті, Абай vs. әл-Ғазали және ән талдау / Narikbi LIVE #128
Бүгінгі қонағымыз – белгілі филолог, KBTU және ҚазҰУ-дың аға оқытушысы Арын Құнанбайұлы.
Бұл шығарылымда біз маңызды тақырыптарды талқыладық:
• Оқу және жазу мәдениеті;
• Абай мен әл-Ғазали шығармашылығының үндестігі;
• Қазақ тілінде терең ойлану мәдениетінің әлсіздігі мен себептері;
• Танымал әндердің мәтіндері мен олардың шынайы мағынасы.
Терең ой, әдеби талдау мен жаңа көзқарастарды бірге іздедік.
https://youtu.be/lTQBO0WYRhg?si=_9qFc0fX0oVlHg6J
🔥 50
Джігіттер 3.0
Елдің дамуына қазір қоса алатын үлкен үлесім
болашақ көшбасшыларға ағалық ақылымды айтып, бағыттап, дамытып, менторлық ету
деп білемін.
Сол мақсатта ДЖігіттер 3.0 жобасын бастағанымды жариялаймын.
Неге "ДЖігіттер"? Данияр Жігітбектің жігіттері, болашақ жобаларымның қаһармандары деген сөз.
Неге "3.0"? Бұған дейін бұл жобаның 2 маусымын жасағам. Жемісін көрдім. Командама 30 жігітті іріктеп алдым.
ДЖігіттер 3.0 жобасы 7 ай жалғасады: қараша, 2025 - мамыр, 2026. Тегін!
🔥 108
ДЖігіттер 3.0 жобасына іріктеу басталды.
Алғашқы тапсырма берілді.
🔥 27
Қайырлы кеш!
Қалайсыздар?
Бүгін ютуб каналымызға жаңа форматта алғашқы Kitapal Time подкастымыз шықты. Подкастымыздың мақсаты: Тірі авторлармен тірі кітаптарын талқылау.
«Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру» деген миссиямыздың аясындағы тағы бір жоба🤩
https://youtu.be/v_qBcuJ7xl0
🔥 76
Мемлекеттің байлығына алданба.
Мемлекет бай, бірақ халқы кедей болуы мүмкін.
Және керісінше мемлекет кедей, бірақ халқы бай болуы мүмкін.
Мемлекеттің байлығына алдану:
одан стипендия, субсидия, пенсия, жөргекпұл, жәрдемақы күтіп, жоспар құру, тіршілік жасау.
Көршілеріміздің кедей мемлекетінен бұның ешқайсын күтпей, тіршілік жасап жатқанын көріп, түбі халқы бай болатынын болжап тұрмын.
Ал біз ше? Халқымыз бай ма? Қазіргі тірлігіне қарап, болашақта бай бола ма, кедей бола ма, болжай аламыз ба?
🔥 255
ДЖігіттер 3.0 жобасына үміткерлер!
ДЖігіттер – 2022 жылдан бастап Данияр Жігітбектің болашақ көшбасшыларды дайындайтын әлеуметтік жобасы. Тегін.
Қараша, 2025 - мамыр, 2026 арасы
Алматы қаласында болатын
2003, 2004, 2005, 2006 ж. туған бойдақ жігіттерді шақырамын.
Іріктеу шарттарын кешірек айтамын.
Әзірге үміткерлер чатына қосылып қойыңыздар:
https://t.me/+OkZsCLH-vtw5YTBi
🔥 56
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Құрметті ата-аналар!
"Даниярдан келдім" десеңіздер, -10% жеңілдік жасап берем деп жатыр Qalam School мектебі.
Менің тұңғышым баратын мектеп.
🔥 57
Ай күнтізбе бойынша
үшінші айдың он екісі.
Бұл күнді,
мына менің ойымша,
бүкіл әлем тойлау керек!
Бір түрлі
сезім билеп, жүрегімде қалды мұң:
Мейірімге, махаббатқа жұтап ек.
Дүниеге келген еді дәл бүгін
Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед!
Мәуліт құтты болсын!
Пайғамбарымыздың ﷺ құрметіне екі ұлыма "Ахмет" және "Сұлтанмахмұт" деген есім беріп едік. Соның құрметіне бізге ол кісінің шапағаты тисінші.
"Ахмет", "Махмұт" – пайғамбарымыздың есімдері.
🔥 296
Kitapal компаниясы Алматыдағы офисіне 3 түрлі маман іздейді:
1. Дизайнер (200,000 тг)
2. Видеограф/мобилограф (250,000 тг)
3. SMM қыз (200,000 тг)
Жұмыс шарты:
2. График: 5/2
3. Жұмыс уақыты: 9:00 - 18:00.
4. Жұмыс оффлайн.
Талаптар:
1. Кітап оқуды жақсы көруі керек.
2. Kitapal компаниясының миссиясына қызмет етуге дайын.
3. Kitapal-да кемінде 6 ай жұмыс істеуге ниетті.
креативті ойлау
Егер осы талаптарға саймын деп ойласаңыз және жұмыс шарттарына келіссеңіз,
резюме,
фото,
кейстеріңізді
жіберіңіз
мына ватсапқа:
wa.me/77770960797
Дедлайн: 04.09.2025 сағат 20:08
Содан кейін арасынан өзімізге қажет үміткерлерді таңдап,
05.09.2025 сағат 14:30 - 15:30 арасы өтетін сұқбатқа шақырамыз.
Бағыңызды сынап көріңіз!
🔥 20
Repost from Narikbi LIVE
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Ғани Төлепбергенов: энергетик, аритмия, стресс және жүрек / Narikbi LIVE #127
Бүгінгі қонағымыз – белгілі кардиолог-аритмолог, Алматы кардиология орталығының жетекші маманы, «Bolashaq» бағдарламасының (Литва) түлегі, PhD Ғани Төлепбергенов.
Бұл эпизодта біз жүрек денсаулығына қатысты маңызды сұрақтарға жауап іздедік:
- Энергетиктердің жүрекке шынайы әсері қандай?
- Стресс жүрек ауруларына қалай әкеледі?
- Жүрекке не үшін сым (кардиостимулятор) жалғанады?
- Жүрек қағысын бақылау неге маңызды?
Сонымен қатар, жүрекке қатысты тағы да көптеген қызықты тақырыптар қозғалды.
https://youtu.be/YQL6YR_ByqY
🔥 29
ШЫМКЕНТ КІТАПАЛ ДҮКЕНІНЕ
ВАКАНСИЯ!
Кітап дүкеніне жұмысқа тәжірибелі бариста-менеджер (қыз) іздейміз.
Таза, жылы атмосферада жұмыс істеуді ұсынамыз. Сізге қойылатын талаптар:
- Жауапкершілік;
- Кофе, сусындар дайындауда тәжірибеңіздің болуы;
- Жұмысқа ұқыптылық, адамдармен тіл табыса білу;
- Орыс-қазақ тілінде еркін сөйлеу;
- Оқушы немесе студент болмауыңыз!
Резюмеңізді төмендегі нөмірге жіберіңіз:
+ 7 (775) 883 92 85
+ 7 (702) 966 34 91
🔥 15
Вакансия да әлі де актуал.
Ақшасын 125000 тг емес, 170000 тг қылдық.
Кітаппен өтетін 15 күндік жұмысқа, меніңше, жақсы ұсыныс.
Жоғарыдағы ватсапқа ақылына көркі сай қыздар жаза беріңіздер.
Оқырмандарымның арасынан мықты тұлғалар келетінін сезіп тұрмын.
🔥 81
