ch
Feedback
Qazaqstan.tv

Qazaqstan.tv

前往频道在 Telegram

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot

显示更多
51 490
订阅者
-2724 小时
-4557
-1 80130
帖子存档
✉️Мемлекет басшысы Чили Республикасының жаңадан сайланған президентін құттықтады 🇰🇿🇨🇱Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Кастты Чили Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады. Қазақстан Президенті жеделхатта Чили елінің алдағы уақытта қарқынды дамуын жалғастырып, халықаралық аренадағы беделі арта түсетініне сенім білдірген. Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Касттың жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Чили халқына құт-береке тіледі.
显示全部...
8😎 2👌 1
01:11
视频不可用在 Telegram 中显示
🌟Өскеменде 91 оқушы бір мезетте күй шертті Өскемен қаласындағы мектептердің бірінде Тәуелсіздік күніне орай 2-7-сынып оқушыларынан құралған 91 өнерпаз бір мезетте күй шертті. Бұл - ұлттық мерекеге орай жасалған арнайы тарту. Сондай-ақ оқушыларға Тәуелсіздік жолындағы тарихи кезеңдерді түсіндіру мақсатында бірқатар тәрбиелік іс-шара өткен. Атап айтқанда, тәрбие сағаттары, ұлттық ойындар бойынша жарыстар ұйымдастырылды. @qazaqstantv
显示全部...
1215-копия-копия(1).mp481.43 MB
10😍 7❤‍🔥 1🆒 1💘 1😎 1
✉️ Мемлекет басшысы Аустралия Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады 🇰🇿🇦🇺Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сиднейдегі Ханука мейрамы кезінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты Аустралия Премьер-министрі Энтони Албанизге көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы қаза тапқан жандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев жантүршігерлік қылмысты қатаң айыптап, еліміздің атынан осы қиын сәтте Аустралия халқына сабыр тілейтінін жеткізді.
显示全部...
7😎 2👌 1
照片不可用在 Telegram 中显示
💐Бибігүл Төлегенова 96 жаста Бүгін - қазақтың бұлбұлы атанған Бибігүл Төлегенованың туған күні. Ол Семей қаласында дүниеге келген. Бибігүл Ахметқызы - КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері. Ұлттық өнерге қосқан ерекше үлесі үшін «Отан» орденімен және «Тарлан» тәуелсіз сыйлығымен марапатталған. 📺Бүгін «Abai TV» телеарнасы біртуар әншінің шығармашылық мұрасын арқау еткен «Бірегей» деректі фильмін сағат 19:10-да көрсетеді. 📺@qazaqstantv
显示全部...
👏 16 5 3❤‍🔥 1💘 1😎 1
02:28
视频不可用在 Telegram 中显示
🇰🇿Тәуелсіздік күні құтты болсын! Жұбаныш Жексенұлы мен Гүлсім Мырзабекованың орындауында «Дала дастан» әні. 📹Instagram 📹TikTok 💬WhatsApp 📒Facebook
显示全部...
16.12.2025 KLIP Tauelsizdik kuni.mp4143.03 MB
❤‍🔥 9 3😍 1😎 1
照片不可用在 Telegram 中显示
📌Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
«Құрметті отандастар! Тәуелсіздік күні құтты болсын! Бұл мерекенің еліміз үшін мән-маңызы айрықша. Осы күні халқымыз Қазақстанды егемен ел ретінде дамыту жолында ерікті әрі түпкілікті таңдау жасады. Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Біз бабалар рухына тағзым етіп, өскелең ұрпақ алдындағы тарихи жауапкершілікті сезіне отырып, осы ұстанымға адал боламыз. Азаматтарымыздың ырысты ынтымағының, өзара қолдауының және жасампаз еңбегінің, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің арқасында Қазақстан Тәуелсіздікті нығайту ісінде елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Қазір бүкіл әлем жылдам өзгеріп жатыр. Түрлі сынақтармен қатар, тың мүмкіндіктерге толы жаңа тарихи дәуір басталды. Мұндай жағдайда біз жас және озық ойлы ұлт ретінде болашаққа зор үмітпен және нық сеніммен қарап, берекелі бірлігімізді сақтауымыз керек. Еліміздің жаһандық деңгейдегі беделі мен бәсекеге қабілетін арттырып, Қазақстанды көркейген мемлекет ретінде дамыту үшін аянбай еңбек етуіміз қажет. Қазір жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың нәтижесінде зор табысқа жетеміз деп сенемін. Жан-жақты жаңғыруға бағытталған стратегиялық бағдарымыздан ауытқымай, Әділетті, Күшті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құрамыз. Баршаңызға мол бақыт, бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Қастерлі Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! », - делінген құттықтауда.
📺@qazaqstantv
显示全部...
12🙏 5🤩 2👌 2❤‍🔥 1 1🤝 1😎 1
00:16
视频不可用在 Telegram 中显示
🪙Ұлттық банк «Qazaq kúresi» монеталарын айналымға шығарды Ұлттық банк «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясы аясында «Qazaq kúresi» монеталарын айналымға шығарды. Жаңа тиындар қазақ халқының дәстүрлі спортына арналған. ⚡️Коллекцияға үш түрлі монета кіреді. 1000 теңгелік күміс монета, сондай-ақ 200 теңгелік мельхиор және нейзильбер монеталар. Жалпы таралымы - 57 мың дана. 📌Металл ақша еліміздің барлық аумағында заңды төлем құралы ретінде қабылданады. Сатылым 17 желтоқсаннан бастап Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы жүзеге асады. 📺@qazaqstantv
显示全部...
монета сары видео.mp417.56 MB
12😎 1
01:18
视频不可用在 Telegram 中显示
🇰🇿Тәуелсіздік күні құтты болсын! Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымақ-бірлігі арта берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, мемлекетіміздің іргесі мығым болғай!
显示全部...
РОЛИК ТӘУЕЛСІЗДІК.mp492.77 MB
12😎 1
02:07
视频不可用在 Telegram 中显示
🎵Ибрагим Ескендір: «Көк тудың желбірегені» әнін маған бергісі келмеді «1001 түн» бағдарламасында әнші Ибрагим Ескендір қонақ болды. ✏️Айтуынша, 2011 жылы «Көк тудың желбірегені» әнінің опералық нұсқасын ерекше ұнатқан. Кейін әнді диктофонға жазып алып, авторын анықтаған.
«Әннің авторымен кездесу үшін арнайы Алматыға бардым. Алайда ол мені басқа ақынмен шатастырып, жас көріп, әнді беруден бас тартты. Кейін әндерімді тыңдаттым. Көңілінен шыққан соң ғана орындауға рұқсат берді», - деді ол.
显示全部...
көк ту нарезка.mp4152.39 MB
12😎 1
照片不可用在 Telegram 中显示
🇰🇿Бүгін - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні Айтулы күнге орай «Qazaqstan» телеарнасы бірқатар мерекелік жоба ұсынады. ⚡️Күннің басты эксклюзиві – Димаш Құдайбергеннің елордада өткен «Stranger» концертінің телевизиялық нұсқасы сағат 22:20-да көрермен назарына ұсынылады. Оған дейін шығармашылық кеш қарсаңында дайындалған Димаш Құдайберген туралы арнайы жобаны тамашалай аласыздар. Эфир уақыты – 20:05. Сондай-ақ «Еркіндік лебі» арнайы жобасы 13:15-те, «Адамзаттың бәрін сүй» республикалық ақындар айтысы 13:40-та көрсетіледі. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!
显示全部...
🎉 24🔥 7 3👍 2😎 2🙏 1🤝 1
01:32
视频不可用在 Telegram 中显示
«Тәуелсіздік – биліктің ғана емес, әрбір азаматқа ортақ жауапкершілік» Бұл туралы «Ашық алаң» бағдарламасында саясаттанушы, ЕҰУ-дың сапаны қамтамасыз ету және ішкі бақылау жөніндегі проректоры - басқарма мүшесі Индира Рыстина айтты.
«Тәуелсіздікті алу жөнінде құжатқа қол қою – бір ғана сәт, ал тәуелсіз ел бола алу – тек билік басында отырған адамдардың ғана емес, бұл әрбір азаматтың жауапкершілігі. Тәуелсіз, жетістігі мол мемлекет болу үшін еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін егемендігімізді сақтау жолында қызмет етуі тиіс. Бұл билікте немесе шахтада еңбек ету керек дегенді меңземейді, қарапайым «Заң мен тәртіп» қағидасын ұстану, жеріміздің тазалығын, санамыздың тазалығын сақтау, отбасындағы тәрбие секілді маңызды әрекеттен тұрады. Сонда ғана біз дербес ел бола аламыз», - дейді сарапшы.
显示全部...
Индира Рыстина 1.mp477.31 MB
5😎 3👏 1
00:42
视频不可用在 Telegram 中显示
📺«Qazaqstan» телеарнасының Тәуелсіздік күніне тартуы Ертеңгі Тәуелсіздік күніне орай «Qazaqstan» телеарнасының көрерменге ұсынар тартуы көп. Күндізгі 13:15-те «Еркіндік лебі» арнайы жобасында егемендік әкелген өзгерістер сараланады. Ал сағат 13:40-та ұлттық өнер жанкүйерлеріне ақындар айтысы ұсынылады. 📌Сонымен қатар «Ақпарат» пен ток-шоулар да тікелей эфирде хабар таратады. Ал күннің басты көрсетілімі кешкі 22:20-да. Әнші Димаш Құдайбергеннің «Stranger» концерті талғамы биік өнерсүйер қауымды қуантпақ.
显示全部...
тәуелсіздік нарезка.mp449.88 MB
😎 5 1
00:34
视频不可用在 Telegram 中显示
🚙Қазақстанда ақылы жолдарда төлем жасау ережесі жеңілдейді Көлік министрлігі ақылы жолдардағы төлем тәртібін жеңілдетпек. Қазіргі ереже бойынша жүргізуші ақылы жолдың ақшасын бір апта ішінде төлемесе, келесі күні іс материалдары көліктік бақылау органдарына жіберілетін. 📌Енді жаңа өзгерістерге сәйкес, жеке тұлғаларға төлем жасауға бір ай уақыт беріледі. Егер осы мерзімде төлем жасалмаса, материалдар 31-күні ғана әкімшілік тәртіппен қарауға жолданады.
显示全部...
жол нарезка.mp438.83 MB
4👍 4🙏 1👌 1😎 1
照片不可用在 Telegram 中显示
🛫Шымкенттен Тайландқа тікелей әуе рейсі қосылады Бүгіннен бастап «SCAT» әуе компаниясы Шымкент – Бангкок бағыты бойынша Тайландқа қатынайтын жаңа әуе бағытын ашты. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады. ✅Рейстер аптасына 2 рет – дүйсенбі және бейсенбі күндері «Boeing 737 MAX 8» және «Boeing 737–800» типті әуе кемелерімен орындалады.
显示全部...
🎉 8👍 3😱 1
00:26
视频不可用在 Telegram 中显示
1.46 MB
👍 4❤‍🔥 2 1
00:54
视频不可用在 Telegram 中显示
🔥Түркістан облысында зауытта 260 тонна мақта жанып кетті Темір ауылындағы мақта зауытынан өрт шықты. Тілсіз жау түнгі сағат 03:00 шамасында тұтанған. Өрт салдарынан зауыттың 360 шаршы метр аумағы жанып, 260 тонна мақта жойылды. Оқиға орнына ТЖД-ның 30 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылды. Өрт таңғы сағат 07:00-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
显示全部...
новости-копия-копия(5).mp463.27 MB
😱 14 3🥴 1😨 1
❄️Елімізде алдағы үш күнде қатты аяз болады «Қазгидромет» мәліметінше, алдағы үш күнде ауа температурасы –28 градусқа дейін төмендейді. Бірқатар өңірде қар жауып, боран соғады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Желдің екпіні секундына 28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Батыс өңірлерде түнде –18, күндіз –15 градус, ал солтүстік, орталық және шығыста түнде –28, күндіз –18 градус аяз болжанып отыр.
显示全部...
👍 3😱 2 1
01:04
视频不可用在 Telegram 中显示
🔹Қазақстандықтардың көпшілігі 2025 жылды оң бағалады Жалпыұлттық сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 37%-ы 2025 жылды сәтті өтті деп бағаласа, 52%-ы оны орташа жыл ретінде сипаттаған. Тек 11%-ы жылды сәтсіз деп есептейді. Ең айтулы оқиғалар қатарында Абайдың 180 жылдығы, Жеңістің 80 жылдығы, Конституция мерейтойы, «Қайрат» пен «Реал» арасындағы матч, отандық спортшылардың жетістіктері мен әлемдік жұлдыздардың концерттері аталған. Сауалнама нәтижесіне сәйкес, тұрғындардың 71%-ы ел дұрыс бағытта дамып келеді десе, 77%-ы Президент жүргізіп отырған саясатты қолдайтынын білдірген.
显示全部...
СТОРИЗ_ОБЛОЖКА_ОШЫРМЕЙМЫЗ!!_копия_копия_копия4.mp422.44 MB
👍 6 1😱 1
01:29
视频不可用在 Telegram 中显示
БҚО-да боранда адасып кеткен үш адам іздестіріліп жатыр Батыс Қазақстан облысында екі күн бұрын боранда жоғалған 3 адамды іздеу жұмыстары жалғасуда. Боран басталғалы іздеуге алынған 11 адамның 8-і табылған. Жоғалғандар Жәнібек ауданының Бұқар және Казталов ауданының Закария қыстақтарынан мал іздеуге шыққан. Іздеу-құтқару жұмыстарына ТЖД, полиция, жергілікті әкімдік пен тұрғындар жұмылдырылды. Полиция боранды күндері жолда қалған жолаушыларға да көмек көрсетіп жатыр.
显示全部...
новости-копия-копия(3).mp4102.77 MB
🤯 5😨 3😱 2😢 2 1
照片不可用在 Telegram 中显示
📊Сауалнама: Қазақстандықтардың 77%-ы Президенттің қызметін қолдайды 2025 жылдың қорытындысы бойынша жүргізілген жалпыұлттық сауалнамаға мың респондент қатысқан. Нәтижеге сай, қазақстандықтардың 77%-ы Президенттің қызметін қолдайтынын, ал 71%-ы ел дұрыс бағытта дамып келе жатқанын айтқан. Респонденттердің 37%-ы 2025 жылды табысты, 52%-ы тұрақты кезең деп бағалаған. Тек 11%-ы жылды сәтсіз деп есептейді. Жылдың жағымды оқиғалары ретінде спорттағы жетістіктер, цифрландыру мен жасанды интеллект саласындағы жобалар, жаңа мектептер мен ауруханалардың ашылуы, ірі мәдени шаралар және Президенттің халықаралық кездесулері аталған.
显示全部...
14😐 6🤣 3🔥 2😎 2👌 1