ch
Feedback
Dauletten

Dauletten

关闭频道

Бай қуатты, ДƏУЛЕТті болайық. Жарнама және ұсыныстар жөнінде: @YerekentiKZ Достарыңызды, таныстарыңызды шақыру үшін: https://t.me/joinchat/QEc88rJUYgl0qEIV

显示更多
381 942
订阅者
-53824 小时
+1 0947
-1 01030
帖子存档
照片不可用
⚖️ Қазақтарды “мамбет” деп қорлаған кәсіпкерге үкім шықты Сот әйел кәсіпкерді 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Алайда оның 2 жасар баласы болғандықтан, жазаны өтеу мерзімі кейінге шегерілді. Бұл — кішкентай баласы бар аналарға қолданылатын заңдағы жеңілдік. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
显示全部...
👏 371 64👎 53🤬 20👍 19🤯 18👀 8🫡 7❤‍🔥 6😁 3
🏠 Риелторларға жаңа ереже енгізілуі мүмкін Үкімет салық төлемейтін және тіркеуден өтпеген риелторлардың қызметін шектеуді жоспарлап отыр. Қазір Мәжілісте риелторлық қызметті лицензиялау туралы заң жобасы қаралуда. 📝Заң қабылданса, жылжымайтын мүлік агенттері тек лицензия алып, ұлттық реестрге тіркелгеннен кейін ғана жұмыс істей алады. 💬Депутаттардың айтуынша, мұндай шаралар алаяқтықтың алдын алып, салықтың ашық төленуін қамтамасыз етуге бағытталған. ⚖️ Ресми лицензия алған риелторлар адвокаттар мен нотариустар сияқты заң алдындағы жауапкершілікке ие болады. 🚫Сарапшылардың болжауынша, жаңа талаптар күшіне енсе, қазіргі риелторлардың шамамен 70%-ы бұл талаптарға сай келмеуі мүмкін. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
显示全部...
👏 116 47👌 14👀 6🤝 4
💸Қаржылық сауаттылық дегеніміз не және оны қалай арттыру керек? Қазіргі заманда қаржылық сауаттылық – әрбір адамның өмірінде маңызды рөл атқаратын дағдылардың бірі. Ақшаға дұрыс көзқарас қалыптастыру, табысты тиімді басқару және шығынды бақылау – тек байлыққа ғана емес, тұрақты әрі сенімді болашаққа апаратын жол. Қаржылық сауаттылық дегеніміз не? Қаржылық сауаттылық – адамның табысын, шығынын, жинағын және инвестициясын дұрыс жоспарлап, басқару қабілеті. Басқаша айтқанда, ол ақшаға қатысты дұрыс шешім қабылдай білу өнері. Қаржылық сауаты бар адам:     •    табысы мен шығынын есептеп отырады;     •    қарыздан аулақ болуға немесе оны дұрыс басқаруға тырысады;     •    жинақ пен инвестицияның маңызын түсінеді;     •    ұзақ мерзімді қаржылық мақсаттар қояды.Неге ол маңызды? Қаржылық сауаттылықтың арқасында адам:     •    күтпеген жағдайларға дайын болады;     •    қарызға тәуелді болмайды;     •    артық шығыннан сақтанады;     •    болашағына сенімді түрде инвестиция жасайды;     •    отбасылық әл-ауқатты арттырады. ❓Қаржылық сауаттылықты қалай арттыруға болады? 1. Бюджет жүргізуді үйрену Ай сайынғы табыс пен шығынды қағазға немесе арнайы қосымшаларға жазып отырыңыз. Бұл ақшаңыздың қайда кетіп жатқанын анық көруге көмектеседі. 2. Артық шығынды қысқарту Кейде бізге қажет емес заттарды сатып аламыз. “Маған бұл зат шынымен керек пе?” деген сұрақты өзіңізге қою арқылы қажетсіз шығыннан құтыла аласыз. 3. Жинақ қорын қалыптастыру Айлық табыстың кем дегенде 10%-ын жинақтап отыру – күтпеген жағдайларда үлкен қолдау бола алады. Оны банктегі депозитте немесе сенімді жинақ шотында сақтау ұсынылады. 4. Қаржылық білімді арттыру Кітаптар оқу, курстарға қатысу немесе қаржы саласындағы мамандардың кеңесін тыңдау – қаржылық сауаттылықты дамытудың тиімді жолы. 5. Қарызды дұрыс басқару Несие немесе қарыз алуға мәжбүр болған жағдайда, оның шарттарын мұқият оқып, уақытында төлеуді әдетке айналдырыңыз. 6. Инвестиция жасауды үйрену Жинағыңызды жай ғана сақтамай, оны көбейтуге мүмкіндік беретін инвестиция құралдарын үйреніңіз. Алайда тәуекелдерді ескеріп, сенімді көздерді таңдаған жөн. Қаржылық сауаттылық – тек экономистер мен кәсіпкерлерге ғана емес, әрбір адамға қажет дағды. Оны дамыту арқылы сіз өзіңізге және отбасыңызға тұрақты әрі сенімді болашақ құра аласыз. Ең бастысы – қаржыны басқаруды бүгіннен бастау. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
显示全部...
129👏 56👍 35🔥 16💯 10🥰 4👀 4😍 2
⚠️Қазақстанда балалар жаппай ауырып жатыр!😱 Бұл вирус әсіресе балалар үшін өте қауіпті — қазірдің өзінде жүздеген бала ауруханаға түсіп жатыр😥 Назар аударыңыз! Алғашқы белгілері: * дене қызуының көтерілуі; * жөтел мен тамақтың ауруы; * мұрынның бітелуі немесе су ағуы; * әлсіздік, тәбеттің жоғалуы; * кей балаларда іш өту немесе құсу байқалуы мүмкін. Тым кеш болмай тұрғанда, өз балаңызды қорғаудың жолын дәл қазір біліңіз! Қазақстандағы балаларға арналған табиғи BIOHAYAT KIDS - ағзаны паразиттер мен зиянды токсиндерден тазартып, ішек микрофлорасын жақсартады және иммунитетті күшейтеді!🍯🐝 🌿 Артықшылықтары: ✅ Прополис негізіндегі табиғи құрам ✅ 100% табиғи, сертификатталған және халал өнім ❌ Қант, бояғыштар мен химиялық қоспалар жоқ ✅ Тәтті шәрбат — балалар қуана ішеді 😋 🔥Арнайы ұсыныс! 3 айлық курсқа тапсырыс берсеңіз, балаңызға арналған мультивитамин немесе Омега — СЫЙЛЫҚҚА! 🎁 Балаңыздың денсаулығына табиғи қамқорлық дәл қазір басталсын👇 ➡️ https://twi.kz/lLzK ➡️ https://twi.kz/lLzK ✨Баланың мықты иммунитеті – ата-ананың ең үлкен сыйы ❤️ *серіктестік материал
显示全部...
🤔 61 32😁 20👀 13🔥 5👍 3
00:26
视频不可用
😂Енді ақшаңызды «ашса алақаныңызда, жұмса жұдырығыңызда» ұстай аласыз! 🏦Kaspi жаңа жаңалықтарын таныстырды: желтоқсан соңына қарай төлемді алақан арқылы жасау мүмкіндігі қосылады. 🖐 Алақаннан ұшқан айлығым, барасың ұзап шалғайға – деп әндетсе де болады енді)) ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
显示全部...
IMG_8074.MP44.78 MB
star reaction 1😁 360 70👏 41🔥 37👀 33🤯 22👎 14👌 5❤‍🔥 1
照片不可用
📢 «Акционер бол» сабағына жеңілдіктің соңғы күні! Бағалы қағаздармен инвестициялауды үйреніп, өз капиталыңызды өсіргіңіз келсе тіркеліп үлгеріңіз! 🎯Қазір курсқа 66% жеңілдікпен жазыла аласыз: 55 000₸ орнына 18 990₸😍 📥 Тіркелу үшін: wa.me/77780635075 Өз қаржылық еркіндігіңізді бүгін бастаңыз! 💸📈
显示全部...
36👀 7🤯 3🔥 1
🏠3 қарашадан бастап «Наурыз» бағдарламасы бойынша тұрғын үйге өтінім қабылдау басталады 🗓Өтінім беру мерзімі: 3 қараша – 1 желтоқсан 2025 жыл 👥 Қатыса алады: – Отбасы банкінің салымшылары; – Шотында кемінде 2 млн ₸ жинағы бар азаматтар; – Соңғы 5 жылда өзінде де, отбасында да тұрғын үй тіркелмегендер. 📲Өтінім беру тәсілі: Барлығы онлайн түрде Baspana Market порталы арқылы жүргізіледі. 💰Несиелеу шарттары:Бастапқы жарна: • 10% — таза әрленген жаңа үйге; • 20% — әрленбеген немесе екінші нарықтағы үйге; • Сыйақы мөлшерлемесі: • 7% — әлеуметтік осал топтарға; • 9% — басқа қатысушыларға; • Несие сомасы: • 30 млн ₸ — өңірлер үшін • 36 млн ₸ — Астана мен Алматы үшін • Мерзімі: 19 жылға дейін 🏙Тұрғын үй түрлері: – Қала орталықтарындағы жаңа үйлер; – Моноқалалар мен ауылдарда — жаңа және екінші нарықтағы үйлер. Пәтерді Baspana Market порталынан таңдап, жаңа жылды жаңа баспанада қарсы алу мүмкіндігі бар. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
显示全部...
👍 129 125👏 9👀 9🙏 8😍 6🔥 4
🏠Елімізде кей банктер қайтадан ипотека бере бастады Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтергеннен кейін көптеген қаржы ұйымдары уақытша ипотекалық өнімдерін тоқтатқан еді. Алайда қазіргі таңда бірқатар банктер нарыққа жаңа шарттармен оралды. «Крыша» порталының мәліметінше, классикалық төмен пайызды бағдарламалар жойылып, олардың орнын құрылыс компанияларымен серіктестік және кепілмен қамтамасыз етілген жаңа форматтағы ипотекалар алмастырған. 🏦Қай банктер ипотека береді: 🔹Halyk Bank — бастапқы нарықтағы серіктестік бағдарламалар мен екінші нарықтағы пәтерлерге 20–25% мөлшерлемемен ипотека ұсынады; 🔹Банк ЦентрКредит — өткен аптадан бастап ипотека беруді қайта бастады, мөлшерлеме 20–25%; 🔹Freedom Bank — техникалық баптау кезеңінде, жақында жаңа мөлшерлемелер жарияланады. Қазірше “7-20-25” және серіктестік бағдарламалар қолжетімді; 🔹Altyn Bank — тек бастапқы нарықтағы серіктестік ипотекамен шектеліп отыр. Қорыта айтқанда, ипотека нарығы толық тоқтамағанымен, оның шарттары айтарлықтай қатаңдады. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
显示全部...
99👀 12🤯 10🔥 9
📊Дербес кредиттік рейтинг: не үшін маңызды және қалай жақсартуға болады Дербес кредиттік рейтинг – бұл сіздің кредиттік тарихыңыз бен қаржылық тәртібіңіз негізінде есептелетін балл. Оны кредиттік бюролар автоматты түрде жасайды. Рейтинг жоғары болса – банктер мен МҚҰ сізге көбірек сенім артады, яғни кредит алу мүмкіндігі артады. 📊Рейтингке не әсер етеді • төлемдердің кешіктірілуі; • қолданыстағы кредиттердің саны; • коллекторларға берілген қарыздар; • сот істері мен борыш жүктемесі. Рейтинг тек ақпараттық сипатта, бірақ ол кредит мақұлдануына үлкен ықпал етеді. 🏦Неліктен банк бас тартуы мүмкін Егер рейтинг төмен болса, қаржы ұйымдары кредит беруден толық құқылы түрде бас тарта алады. Банк тәуекел жоғары деп санаса, тіпті кешіктірмеген жағдайда да кредит бермеуі мүмкін. 📈Рейтингті қалай жақсартуға болады Төлемдерді уақытында жасаңыз – ең дұрысы, 5–7 күн бұрын. • Қарызды мерзімінен бұрын өтесеңіз, банк дұрыс тіркегеніне көз жеткізіп, анықтама алыңыз. • Қиындық болса, кредитордан қашпай, ресми түрде реттеу жолын іздеңіз. 🔍Рейтингті қалай тексеруге болады Жылына 1 рет тегін білуге болады: • eGov.kz арқылы; • 1cb.kz сайтынан немесе қосымшасынан; • ХҚКО немесе Қазпошта бөлімшелерінен. Қолыңызда жеке куәлік болуы керек. 📌Қысқаша айтқанда, жақсы кредиттік рейтинг – қаржылық беделіңіздің айнасы. Уақытылы төлем мен ашық қарым-қатынас сіздің болашақ кредит мүмкіндіктеріңізді арттырады. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
显示全部...
105👏 19👍 15🔥 7🤝 6👀 3❤‍🔥 2🤯 2
照片不可用
🇰🇿Бүгін 25 қазан — Республика күні! Тәуелсіздігіміздің тұғыры нық, ғұмыры мәңгі болсын! Еліміз қуатты мемлекет болып, жылдан жылға халықтың әл ауқаты жақсара берсін. Баршаларыңызға дендеріңіздің саулығын, отбасының амандығын, мемлекетіміздің бай-қуатты болуын тілейміз! ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
显示全部...
192👏 45🙏 41👍 20🔥 13🎉 10🫡 8🤗 6👌 4🕊 4
照片不可用
💡ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕСТ: ҚАУЫРСЫННЫҢ БІРІН ТАҢДАП, ӨЗІҢІЗ ТУРАЛЫ СЫР БІЛІҢІЗ🤗 🪶1 қауырсын Сіз — шығармашылық тұлғасыз. Сіз үнемі бәріне үлгеруге және өзгелерден мықты болуға тырысасыз. Перфекционист болғандықтан, сәтсіздік бола қалса қайта аяқтан тұруға шамаңыз келеді. 🪶2 қауырсын Cіз кез келген жағдайға сіңісіп кете алатын адамсыз. Сонымен қатар жаңа нәрсені үйренуге, білуге құмартып тұрасыз. Бірақ бұл қасиетіңіз сізді өзгелерден алшақтатуы да мүмкін. Дегенмен, сіздің жақындарыңыз сізді қолдауға әрдайым дайын. 🪶3 қауырсын Сіз табиғатыңыздан бастық болуға жаралғансыз. Сізге үнемі қозғалыста болған, бір уақытта бірнеше жобалармен айналысқан ұнайды. 🪶4 қауырсын Сіз барлық нәрседе үйлесім болғанын құп көресіз. Үнемі біреуге көмектесуге дайын жүресіз және жаныңызға өзіңізді сүйетіндерді ғана жинайсыз. 🪶5 қауырсын Сіз кретивті ойлайсыз және бойыңызда актерлік қабілет жетерлік. Бірақ сол талантыңызды қорқақтығыңыз тұншықтырып келеді. 💬Сіздің таңдауыңыз қаншалықты сәйкес келді?👇 ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
显示全部...
👍 239 147👏 26😍 17🏆 10🤝 9👀 8❤‍🔥 6🔥 6
Repost from N/a
📢Бүгіннен бастап — Республика Күніне арналған үлкен жеңілдіктер! 🇰🇿 🛍️Еліміздің 220-ға жуық дүкенінде барлық тауарларға 70 %-ға дейін жеңілдіктер енгізілді! 📆Мерекелік акция 24–27 қазан аралығында өтеді — мұны Сауда және интеграция министрлігі әкімдіктермен бірлесе ұйымдастырып отыр. 📍 Қай қалада және қандай сауда орталықтары қатысады? 🌆Астана: MEGA Silk Way, Хан Шатыр, Abu Dhabi Plaza, Сарыарқа, Көктал, TD Сауран, Magnum, Small, Анвар. 🌆Алматы: Forum, Mega Alma-Ata, Mega Park, Mart & Mart Village, Maxima, Aport Mall East, MOSKVA metropolitan, Grand Park, Asia Park, Sputnik. 🌆Шымкент: Mega Planet, Hyper House, Firkan City, Shymkent Plaza, Shymkent City Mall, RAHIMA PLAZA, Dur Plaza, Бекжан, Diamond Plaza, Royal Plaza, Баян Сұлу. 🌆Ақмола облысы: ЦУМ, РИО, Арбат. 🌆Актөбе: Алия, Мир, Keruen City, Aqtobe Mall, City Shopping Centre, Мега Шыгыс, Нурдаулет. 🌆Алматы облысы: Сити Плюс, Магнум, Биг Маркет, Чильсон, Тан-Шолпан, Ярлин. 🌆Атырау: Насиха, Тамаша, Атырау, Мұрагер, Baizaar, Бақдаулет, Infinity Mall, Sulpak, Мечта, Technodom. 🌆Шығыс Қазақстан (ВКО): Волна, Колос, Самал, Керуен, Император, Гостинный двор, Technodom, ТНП. 🌆Жамбыл облысы: Алатау (ЦУМ), Grand Bazar, Mart, Дос-Нар, Диана, Дамдес, Mart-Magnat. 🌆Батыс Қазақстан (ЗКО): City Center, Атриум, Alem Plaza, Орал, Азиза, Московский, Колос, Жалын, Галактика, Променад, Адал (Технодом), Премиум (Мечта), Asia Mall, Жәңгір-Хан, Квант, Sulpak. 🌆Қарағанды: Абзал, Таир, Умай, Global City, City Mall, Проспект, БУМ, Каскад, Гранд Стор, Южный, Юма, Magnum Cash & Carry, Аян, Корзина, Норма, Оптима, Реал, 12 месяцев, Строймарт. 🌆Қостанай облысы: ЦУМ, Mart, Емшан, Астықжан, Kostanay Plaza, Қазақско-французский центр, Солнечный, Апельсин, БУМ. 🌆Қызылорда: Ағжан, Aray City Mall, Жібек Жолы, Жайна, Айтбек, Отырар, ADS Plaza, Baiuzaq Plaza, Ажар Сити / Меркурий, Magnum, Қызылорда Оптомаркет, Радуга, Small & Skif, Анвар, Океан, Эврика, Sulpak, Мечта, Аль-Асад, Алсер, Технодом. 🌆Маңғыстау: Актау, AK KALA Mall, Байтерек, Астана, Shum, Маңғыстау, Saya Park. 🌆Павлодар: Артур, Квазар, Тулпар, Мирас, Атриум, ЦУМ, City Centre, Batyr Mall, Отау, Барыс, Старый город, Арман, Арзандау, Манакбай, Олжа, Караван, Светофор, Fix Price, Sulpak, Технодом, Белый ветер, Спортмастер, Версаль, Сенім, Баянмолл, Азиямолл, Гулливер, Гудвин, Рубин, Жайлау, Сургут, Байтерек. 🌆Солтүстік Қазақстан (СҚО): City Mall, Rakhmet, Сокол, Айсберг, Пирамида, Аймер, Семейный, Северный. 🌆Түркістан: Turan Mall, Khanshaiym Plaza, Керуен Сарай. 🌆Абай облысы: Park City, Арғымақ, Аркада, Жансая, Көктем, Мереке, Алатау, Ақшың, Апрель, Қазына. 🌆Ұлытау: Самаз, Акцент, Самади, Мечта, Гармония, Әсем, Әлеуметтік, Азамат, Раяна, Сымбат, Жадыра. 🌆Жетісу: Даулет, Евразия, Шаған, Sulpak. 💻Онлайн дүкендерден: • Wildberries — жеңілдік дейін 90 %-ға дейін. • Fortemarket — промокодпен «FMFEST» — 10 000 ₸ бонус. • Kaspi Магазин — кейбір категорияларда 58 %-ға дейін жеңілдіктер. 🔥🏷️Қосымша акция: «Береке Fest» — 25 қыркүйектен бастап 30 қыркүйекке дейін емес, 30 қазан дейін жалғасуда. ~80 сауда желісі қатысады: Magnum, SMALL, Анвар, Toimart, Фермаг, Dina, Астықжан, Норма, Дана және т.б. 📌Қорытынды: Бүгіннен бастап — 24 қазаннан бастап — 27 қазанға дейін еліміз бойынша барлық категорияда (киім-аяқ киімнен бастап тұрмыстық техника мен электроникаға дейін) арнайы жеңілдіктер қолданылады. 💬Paydabar | 📷Paydabar | 📗Paydabar
显示全部...
132👏 40🔥 13👍 6😍 5👀 4
🤖ЖИ салдарынан 2030 жылға дейін 1 миллион қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін Қазақстанда жасанды интеллекттің дамуы еңбек нарығына елеулі әсер етуі ықтимал. Бұл туралы ЖИ вице-министрі Дмитрий Мун хабарлады. 🗣️“Алдағы бес жылда шамамен 2,5 миллион маман өз кәсібінің автоматтандырылу қаупімен бетпе-бет келеді. Оның ішінде 1 миллионға жуық қызметті жасанды интеллект алмастыруы мүмкін,” — деді ол. 📌Мемлекет бұл өзгерісті жеңілдету мақсатында 1 миллион азаматты қайта оқыту бағдарламасын қолға алуды жоспарлап отыр. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
显示全部...
68😱 66👀 24🤯 7
照片不可用
👀Алматылықтар, жер сілкінісін сездіңіздер ме? Тұрғындарға осындай хабарлама келіп жатқан көрінеді. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
显示全部...
72🤯 23👀 17🙏 2
照片不可用
💰110 000 теңге: Ең төменгі жалақыны көтеру ұсынылды Мәжіліс депутаттары 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын талқылау барысында ең төменгі жалақыны 85 000 теңгеден 110 000 теңгеге дейін арттыруды ұсынды. 👤 Депутат Дәулет Мұқаев бұл көрсеткіштің қазіргі деңгейін халықтың өмір сүруіне жеткіліксіз деп атады: 🗣️“85 мың теңге — бұл күн көруге жетпейді. Қазір шамамен 1,1 млн азамат дәл осы мөлшерде айлық алады, бұл экономикалық белсенді халықтың 10 пайызына жуық,” — деді ол. 📈Сонымен қатар, ол инфляция деңгейі 12,9% екенін ескеріп, жалақыны көтерумен қатар бағаның өсуін тежеу шараларын да қарастыру қажет екенін айтты. 🌍Халықаралық стандарттарға сәйкес, ең төменгі жалақы медианалық жалақының кемінде 50%-ына тең болуы тиіс. Мұқаевтың есебінше, бұл Қазақстан жағдайында 150–160 мың теңге шамасында болуы керек. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
显示全部...
👏 262👍 195 88🙏 14🤝 11🔥 9💯 8😍 5👀 3🫡 2
📱Репост үшін айыппұл: жаңа заң жобасы талқылануда Мәжіліс әлеуметтік желілерде заңға қайшы контентті жариялағандар мен бөліскендерге (репост жасағандарға да) айыппұл салуды көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. 📌Не үшін жазаланады: Жаңа нормаға сәйкес, төмендегі мазмұндағы жазбаларды таратқандар жауапқа тартылады: • мемлекеттің тұтастығына немесе қауіпсіздігіне қатер төндіретін материалдар; • соғыс, зорлық-зомбылық, есірткі, суицид немесе порнографияны насихаттау; • ұлтаралық, діни араздық тудыру; • сепаратизм мен заңсыз әрекеттерге итермелеу. 🗣Депутат Магеррам Магеррамов түсіндіргендей: “Кім таратса да — бәрі жауапқа тартылады. Тіпті ‘бұл заң бұзу’ деп жазып, видеоны парақшаға салған адамның өзі де таратушы болып есептеледі.” 🗓Заң күшіне енсе, бұрын жарияланған заңсыз контент те есепке алынады — яғни бірнеше жыл бұрынғы жазбаларды да өшіру қажет болады. Айыппұлдың нақты мөлшері әзірге белгісіз. Құжат екінші оқылымнан кейін Сенатқа жіберіледі. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
显示全部...
👎 74 60👍 32😁 24👀 10🤯 8😨 7🔥 2🙏 1🤝 1
🚰Суды шектен тыс пайдаланғандарға – 30% қосымша төлем Елімізде ауыз суды шамадан көп тұтынатындарға жаңа тариф енгізілді. Енді бір адам тәулігіне 140 литрден артық су пайдаланса, артық кеткен бөлігіне 30% жоғары тариф есептеледі. ❓Не өзгереді? Жаңа тәртіп бойынша мәслихаттар (жергілікті өкілдік органдар) судың бағасын өздері бекітеді. Дегенмен, тариф республикалық орташа бағадан аспауы керек. 🗣️Су ресурстары комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков қазіргі уақытта өңірлерде халыққа арналған жаңа тарифтерді келісу жұмысы жүріп жатқанын айтты. 📌Бұл норма Су кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес қабылданған. Төлем көлемі әр өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарай реттеледі. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
显示全部...
👎 134 59👍 42👀 10
🎓2026 жылы студенттерге жаңа мөлшерде шәкіртақы белгіленеді 📈Келесі жылдан бастап Қазақстандағы студенттер жоғары мөлшерде шәкіртақы алатын болады. 🔹 Бакалавр студенттеріне — 52 000 теңге; 🔹 Педагогикалық бағыттағы студенттерге — 84 000 теңге; 🔹 Магистранттарға117 000 теңге; 🔹 Докторанттарға262 000 теңгеден астам шәкіртақы төленеді. Сонымен қатар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттердің стипендиясы 30%-ға артады. Ал оқу үздіктеріне 15% көлемінде үстемеақы қосылады. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
显示全部...
👏 146 49👍 32❤‍🔥 10🙏 5🎉 4😍 4👀 4